Қазақстанда ішкі әскер саны көбейеді

  • 02.03.2020
  • Қанат Тілеухан

Елімізде Ішкі істер министрінің штаты көбеймек. Үкіметтің жоспары бойынша Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ басқаратын ведомствоның қызметкерлері 148 мың 820 дан 149 мың 270 өсуі ықтимал.

Ең көп штат Ішкі істер министрлігінің құрамына кіретін Ұлттық ұлан қатары көбеймек. Биылғы жылы олардың құтары 900 сарбазға көбейеді. КазТАГ агенттігінің хабарлауынша бұл үшін министрлік қосымша бюджеттен 5,4 млрд теңге сұрап жатыр.Сондай-ақ, ішкі істер министрлігінің басқа салаларнда да толықтырулар болады.

1992 жылы президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жарлығымен Қазақстан Республикасының ІІМ-нің ішкі әскері құрылған. 2014 жылы Ұлттық ұлан болып қайта жасақталды. Олардың қызметі адамдардың конституциялық құқығын, қауіпсіздігін, қоғам құндылықтары мен мемлекет тыныштығын қорғау. Енді Ұлттық ұланның саны 21 мың 705 сарбаздан 32 мың 155 сарбазға дейін артады. Жаңа ішкі істер қызметкерлеріне 2020-2022 арналған мемлекеттік бюджетке қосымша 5 млрд 465 мың 840 теңге қаражат қажет. Бұл қаражат «қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» 076 бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінеді.

Фото ғаламтордан алынды. 

Байланысты жаналықтар

Бекшин қай сыныптың оқушылары мектепте баратынын айтты

27.08.2020

Тынымбай Нұрмағанбетов мемлекеттік сыйлықтың иегері

08.12.2020

Қырғыздар Франция президентіне қарсы шықты

30.10.2020

«Шымкент жастар лигасы» оқушының спортқа, білімге, өмірге ынтасын арттырады

05.05.2021

Дубайдағы додаға дайынбыз ба?

23.05.2021

1,6 миллиард теңге жымқырғандар сотталды

11.12.2020