"Төртінші зауыт қажет емес": Мұнайды Қытайға өңдемей сата береміз бе?

Malim Админ

  • 11.03.2021

Қазақстан бес жылдың ішінде бес бірдей мұнай-газ химия зауытын салуды жоспарлауда. Бұл кәсіпорындардың ішіне экс-энергетика министрі Қанат Бозымбаев қажет етпеген төртінші мұнай өңдеу зауыты кіре ме? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Наурыздың 5-і күні энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауытын салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, су жаңа зауыттар Орал, Атырау және Шымкентте салынады. Соңғысының құрылысы аяқталуға жақын көрінеді.

Қазақстанда мұнай-газ өңдеуге қатысты зауыт салу мәселесі 10-15 жылдан бері айтылып келе жатқан дүние. Осы уақыт аралығында «қазір жұмыс істеп тұрған Шымкент, Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықты толықтай жаба алмайды» деген сөзді «еңбектеген баладан, еңкейген қартқа» дейін сан мәрте айтқан. 2018 жылы Қарағанды облысында ұзақ күткен төртінші мұнай өңдеу зауыты салынатын болған. Сол уақыттағы Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Беккожин «аудан аумағынан зауыт құрылысына 170 гектар жер берілді. Құрылыс жұмыстарын «Абылайхан» компаниясы жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеген. Бұған дейін БАҚ-та «Абылайхан» компаниясының сингапурлық «R Way Solution PTE Ltd» компаниясымен 300 млрд теңгеге келісімшартқа отырғаны жөнінде айтылған. Зауыт Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Құмкөлден Қытайға мұнай тасымалдайтын Атасу-Алашанькоу құбырының бойында орналасқан. Бірақ осыған қамастан, ол жылына небәрі 1 миллион тонна мұнай өңдейді деп жоспарланған. Құбыр арқылы Қытайға жыл сайын 10 миллион тонна мұнай өтіп жатыр десек, бұл өте төмен көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті. Бірақ ақыр соңында сол 1 миллион тонна мұнайды өңдеудің өзі мұң болды. Себебі зауыт құрлысы басталмай жатып аяқталды. Қарағанды облысының өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов зауыт құрылысының тоқтауын: «Жоба қаржы іздеу кезеңінде. Сингапурлық инвесторлар бар, бірақ олардың жұмысы әзірге түсініксіз», - деп түсіндірген.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов төртінші зауытқа қатысты нақты шешім шықпағанын айтты.

«Төртінші зауыт қай жерде, қандай көлемде болатыны жөнінде нақты шешім қабылданған жоқ. Инвесторлар әртүрлі жобаларын ұсынып жатыр. Оның ішінде Қарағанды және басқа жерлердегі (зауыттар-ред) бар. Бірақ ешқандай нақты шешім қабылданған жоқ», - деді Мағауов.

Бұған дейін, 2018 жылдың желтоқсан айында сол кездегі энергетика министрі Қанат Бозымбаев жылдар бойы жыр болып келген төртінші мұнай өңдеу зауытының қажеті жоқтығын айтқан.

«Төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбайды. Болды. Неге? Себебі «ҚазМұнайГаз» екі әлемдік деңгейдегі компанияны алып келді. Энергетика министрлігі бастаған жұмыс тобы берген есеп бойынша, жасалған модернизациядан кейін, бізде 2026-2027 жылға дейін жететін қор бар», - деген Бозымбаев. (Энергетика министрлігінің өкілдері 2025 жылы құрылысы аяқталатын бес зауаттың Бозымбаев айтқан зауытқа қатысы жоқ екенін айтты).

Бірақ сарапшылар 2022 жылға қарай Қазақстан жанармай тапшылығына тап болады деген болжам айтуда. Олар елді толықтай жанармаймен қамтамасыз ету үшін «модернизациядан өтіп, қайта іске қосылған үш мұнай өңдеу зауытына 2022 жылы тағы да қосымша қондырғылар сатып алу қажет болады» дейді.

Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялауға 6,3 миллиард доллар жұмсаған. Осыдан кейін, 2018 жылы Атырау МӨЗ – 5, 27 млн тонна, Павлодар мұнайхимия зауыты – 5, 34 млн тонна, Шымкент МӨЗ – 4,73 тонна мұнай өңдеген.

Қазақстанда көктем, күз айларында жанармай бағасының қымбаттауы дәстүрге айналған. Күні кеше Жаңаөзен халқы газдың қамбаттауына қарсы митингке шыққан. Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында Газ және мұнай-газ-химия департаменті директорының орынбасары Дәурен Әбілхайров аталмыш мәселеге қатысты тілші сауалына: «Энергетика министрлігі газдың тек шекті бағасын белгілейді. Сұйытылған мұнай газының айналымдағы бағасын реттеу жергілікті атқару органдарына міндеттелген» деп жауап берді.

Шымкент, Атырау, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының басты акционері «ҚазМұнайГаз» компаниясы. Ал «ҚазМұнайГаз» экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі екенін бұған дейін отандық және шетелдік БАҚ сан мәрте жазған. Қазақстанның мұнай саласында «ҚазМұнайГаз» жалғыз монопалист деп айтуға толық негіз бар...

Байланысты жаналықтар

Путинге тіл тигізген павлодарлық блогер қамауға алынды

28.03.2024

ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

27.03.2024

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

27.03.2024

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

26.03.2024

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

26.03.2024

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

26.03.2024
MalimBlocks
Путинге тіл тигізген павлодарлық блогер қамауға алынды

Тікелей эфирде Владимир Путинге боғауыз айтқан павлодарлық 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың жұп ажырасқан.

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылған.

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

Өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.