Қытайдан "келген" вакцинаны Цой білмейді екен

Malim Админ

  • 30.03.2021

Қазақстандағы Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо еліміздегі бірнеше ақпарат құралына берген сұхбатында Қазақстанға Қытайдан 3 миллион вакцина жеткізілгенін мәлімдеген. Алайда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін өткен брифингіде бұл туралы хабары жоқ екенін айтты.

Қытай елшісі Чжан Сяо "Деловой Казахстан"басылымы, "Kazakhstan Today" ақпарат агенттігі мен "Стратегия 2050" сайтына берген сұхбатында Қытай Қазақстанға 3 миллион вакцина жеткізгенін мәлімдеген.

"Вакцина – бұл вирусқа қарсы жойқын құрал және адамдарды өмірін құтқарып қалады деген  үміт. Вакцина бүкіл әлемге қызмет етіп, адамзатқа игі пайдасын әкелуі керек. Қытай әлемде алғашқы ел болып вакцинаны жасап, сынап біткен соң оны қолжетімді етеміз деп уәде берген алғашқы ел және дамыған елдерге жеткізуге көмектесіп жүр. Қазіргі кезде Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны (COVAX) ендіру жоспарына қосылды. Жақында Қазақстанға Қытайдан 3 миллион вакцина жеткізілді", - деді Чжан Сяо 26 наурыз күні ақпарат құралдарына шыққан сұхбатында.

Бірақ бүгін өткен онлайн брифингіде Алексей Цой министрлікке бұл туралы ақпарат түспегенін айтып, мүлде хабары жоқ екенін жеткізді.

"Бізде мұндай ақпарат жоқ. Ресми тұрде ешқандай мәлімдеме түскен жоқ. Егер ондай вакцина Қазақстанға келген болса, ол әуелі бізге, регуляторға түсіп, ел ішінде қолдануға рұқсат алуы керек. Бізге ондай өтініш түспеді. Сондықтан қазіргі кезде ондай мәлімет менде жоқ", - дейді Цой.

 

Байланысты жаналықтар

Қазіргі жағдай кадр тапшылығын күшейтіп жатыр

30.06.2020

Екпе төңірегіндегі дау: Қазақстанда вакцина тапшы ма?

06.05.2021

Кім өтірікші: Цой ма, Қожахметов пе?

04.09.2020

Белгісіз пневмония COVID-19-дан да қауіпті ме?

10.07.2020

Қазақстан Қытайдан не үшін вакцинаға арналған 3 миллион құты сатып алды?

31.03.2021

Цой айтпаған цифрлар шошытады

17.07.2020
MalimBlocks
Қазіргі жағдай кадр тапшылығын күшейтіп жатыр

Екпе төңірегіндегі дау: Қазақстанда вакцина тапшы ма?

Кім өтірікші: Цой ма, Қожахметов пе?

Белгісіз пневмония COVID-19-дан да қауіпті ме?

Қазақстан Қытайдан не үшін вакцинаға арналған 3 миллион құты сатып алды?

Цой айтпаған цифрлар шошытады