Билік неге белсенді қоғам өкілдерімен тоқпақ арқылы сөйлеседі?

Malim Админ

  • 04.03.2020

Ресей президенті Владимир ПУТИН жүйесіз оппозиция керек деп есептейді. Ол оппозиция ел өмірін жақсартуға көмектеседі дейді. Путин бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігінің «20 вопросов Владимиру Путину» жобасында айтты.

Ресей президенті «қай елде де, қашан да билікпен келіспейтін қоғам өкілдері болған, бар, бола береді» деп есептейді.

«Неге билік белсенді қоғам өкілдерімен тоқпақ арқылы сөйлеседі?» деген сұраққа Путин бірден «олай емес» деп жауап берді.

«Жүйесіз оппозицияға келсек, құдай оларға да денсаулық берсін. Мен оларды керек деп есептеймін. Мен бірінші күн жұмыс істеп жатқан жоқпын ғой, мен оларды һте керек деп есептеймін. Мен көріп жүрмін, олар нақты өмірге шынымен ықпал етеді», - деді Путин.

Ол одан әрі оппозициялық күштерді қадағалаудың себебін түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, бәріне ортақ заң бар, оппозиция да соны сақтау керек.

«Қарсылық акциясын өткізгің келсе, наразылық білдіргің келсе, мархабат, заң бұған рұқсат береді. Рұқсат ал да жасай бер».

Сондай-ақ, Путин революция жасағандар негізінен билікті ұзақ ұстап тұра алмайды деп есептейді. «Тек баяғы большевиктер ғана болмаса. Қазан төңкерісінен кейін ұзақ уақыт бойы ұстап тұрды, бірақ, сосын өздері тарап кетті, мемлекетті де өздерімен ала кетті», дейді ол.

Ол бұған дейін де оппозициялық күштерге ақыл айтқан. Билікті жамандай бермей, дұрыстап бағдарлама әзірлеп, шықсын...»

Фото: vedomosti.ru

Байланысты жаналықтар

Ахметовтың екі қызметкері парамен ұсталды

06.02.2020

Кореядағы өрт: Құрылыста жүрген қазақстандықтар қаза болды

30.04.2020

Қазақстан адам бостандығы рейтингінде 75 орында

01.02.2021

"Қиын көршілер": Қытаймен қарым-қатынасымыз өте керемет

18.02.2020

"300 жыл бұрын қайда болдыңдар?": Ресей депутаты Қазақстанға тағы да шүйлікті

11.04.2021

Президент: «Газ, су, электр қуаты үшін төлем тоқтатылады»

17.03.2020
MalimBlocks
Ахметовтың екі қызметкері парамен ұсталды

Кореядағы өрт: Құрылыста жүрген қазақстандықтар қаза болды

Қазақстан адам бостандығы рейтингінде 75 орында

"Қиын көршілер": Қытаймен қарым-қатынасымыз өте керемет

"300 жыл бұрын қайда болдыңдар?": Ресей депутаты Қазақстанға тағы да шүйлікті

Президент: «Газ, су, электр қуаты үшін төлем тоқтатылады»