457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

WP: Путин Трамппен әңгімесінде Донецк облысын талап етті

The Washington Post басылымының дерегінше, Ресей президенті Владимир Путин 16 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен кезде Украинадағы соғысты тоқтату шарты ретінде Донецк облысына толық бақылау орнатуды тағы да талап еткен, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы 18 қазан күні америкалық басылым екі жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым сұхбаттасқандардың айтуынша, Путиннің бұл мәлімдемесі оның бұрынғы талаптарынан айтарлықтай шегінбегенін көрсетеді. Трамптың оптимистік көзқарасына қарамастан, бұл талаптар бұрын да бітімге әкелмеген.

Сонымен қатар дереккөздерге сүйенсек, Ресей президенті Донецк облысына толық бақылау орнату шарты орындалған жағдайда Запорожье мен Херсон облыстарының оккупацияланбаған бөліктеріне қатысты талаптарынан бас тартуға дайын екенін айтқан. Ал Луганск облысы дерлік толығымен Ресейдің бақылауында.

 

WP атап өткендей, Путиннің қазіргі аумақтық талаптары Анкоридждегі Трамппен өткен кездегі талаптардан “сәл жұмсарған”. Ақ үйдің кейбір өкілдері мұны алға жылжу ретінде бағалаған. Алайда украин тараптың бұл көзқарасты қолдауы екіталай, дейді басылым сұхбаттасқан жоғары лауазымды еуропалық дипломат.

«Бұл — өз аяғыңды арзанға сатумен тең», — деп сипаттады ол жағдайды.

Фото: Andrey Babushkin/Pool/REUTERS