Бір айда 8 миллион маска сатылып кеткен

  • 04.03.2020
  • Malim Админ

Қазақстан дәріханаларындағы медициналық маскалар ақпан айында жаппай сатылып кеткен.  Елде маскаға сұраныс 30 миллионға жетті, бірақ қазір дәріханаларда небәрі 1 миллион маска ғана қалған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Арнұр НҰРТАЕВ мәлімдеді.

"Ақпан айының басында бөлшек саудада 9 миллион маска бар болатын. Бұл қор жыл бойы халықты маскамен қамтамасыз ету үшін жеткілікті еді. Бірақ коронавирусқа қатысты дүрлігу мен кей азаматтардың әрекетінен кейін дәріханаларда бүгінде 1 миллион маска қалды. Жаппай сатып алуды кесірінен бүгінде сұраныс 30 миллион маскаға жетті. Мемлекет мемлекеттік медицаналық мекемелерді қамтамасыз ету үшін маскаларды сатып алып жатыр. Медициналық мекемелер үшін 7,5 миллион маска сатып алынды", - деді денсаулық сақтау министрлігі "дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының" бас директоры Арнұр НҰРТАЕВ.

Қазақстанда отандық тауар өндірушілер айына 6 миллион, күніне 182 мыңнан астам маска шығарады. А.Нұртаевтың айтуына, бөлшек саудадан маскаларды жаппай сатып алып жатқандықтан, маскалардың экспортына тыйым салынды.

Алайда жақында бұл тыйым алынып тасталуы мүмкін. А.Нұртаев отандық өндірушілер маскаға қажетті шикізатты сырттан ала бастаса, маскалардың белгілі бір көлемі сыртқа экспортталатынын айтты.

"Қазір маска өндірісіне қажетті шикізатты алдыру жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр. Отандық өндірушілер шикізат алатын болса, өндірілген масканың бір бөлігі шикізат әкелінген елге, атап айтқанда, Қытайға экспортталады", - деді А.Нұртаев.

Фото: ТАСС

Байланысты жаналықтар

Парламентте оппозиция сөзін ешкім бөлмейді

06.05.2020

Ауылдағы науқастарды мал дәрігерлері қарайды

21.07.2020

"2023 жылы ұстаздардың айлығы 550 мыңға жетпек"

02.02.2020

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

08.02.2020

Жандарын шүберекке түйген ақ халаттылар

14.04.2020

Бүгін 27 жасқа толар еді

13.06.2020