Қабдеш Жұмаділовтің ұмытылмас бір сөзі

  • 05.04.2021
  • Malim Админ

Жаңаөзен оқиғасы кезінде халықты жақтап, билікті айыптап сөйлеген санаулы қаламгердің бірі – Қабдеш Жұмаділов еді. Жазушы қашанда өзінің батыл, батырып айтатын мінезімен ерекшеленетін. Өзінің бағасын білетін. Бүгін 85 жасқа толар шағында Қабдеш Жұмаділов қайтыс болды.

Халық ардақты ұлдарының әр кезде айтқан әртүрлі сөздерін ұмытуы мүмкін. Бірақ жан қысылғанда естіген жылы сөзді ешқашан ұмытпайды. 2012 жылы қаңтар айында, Жаңаөзен оқиғасынан кейін «Жас Алаш» газеті «Зиялы қауым, бармысың?» деген тақырыппен интеллигенция өкілдерімен кездесу өткізеді. Сол жиында Қабдеш Жұмаділовтің айтқан сөзін назарларыңызға қайта ұсынамыз.

“Үніміз халыққа жетпейді”

«Жиын Жаңаөзен оқиғасы кезiнде куәгерлердiң түсiрген бейнематериалдарын көрсетумен ашылды. Халыққа жаппай оқ атқан көрiнiстер жиынға келгендердi ашындырып қана қоймай, ашу-ызасын керней түстi. Жаңаөзен құрбандарын еске алу үшiн бiр минут үнсiздiктен кейiн сөз алған Халық жазушысы Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ зиялы қауым бар, бiрақ ол бiрсаты емес, бiр мақсатта емес, жiк-жiкке бөлiнiп кеткенiн айтты.

– Зиялы қауымның бiразы сарай маңында, бiразы халық iшiнде. Бiрақ зиялы қауымның шығатын өрiсi тар. Сахна жетiспейдi. Шығатын бiр-екi ғана газет бар. Соның бетiнде ғана бiрдеңе айтқан боласың. Үнiмiз халыққа жетпейдi. Дербес тәуелсiз телеарна, радио жоқ. Үнiмiз жеткен күннiң өзiнде сенi тыңдайтын ешкiм жоқ. Зиялы қауыммен санасудан кеткен бұл жұрт.

Жаңаөзен оқиғасы халықтың Ата заңда көрсетiлген құқығының тапталуынан туды деген пiкiр бiлдiрген жазушы митинг пен шеру өткiзу құқын қалпына келтiру керек деген ұсыныс айтты.

– Басқа елдердiң бәрiнде ереуiлге шығу құқы бар. АҚШ та, Ұлыбританияда да, Францияда да. Ресейде сайлаудың дұрыс өтпегенiне байланысты бiр ай бойы жер-жерде ереуiл өттi. Оқ атқан жоқ, ешкiмдi қырған жоқ олар. Демек, оларда бұрыннан демократия бар деген сөз. Ал Қазақстанда ереуiлге шығармау, халыққа сөз айтқызбау деген империялық тәртiп сақталған. Сондықтан митинг өткiзу деген құқықты қалпына келтiру керек. Алматыда анда-санда тiлге байланысты Сарыарқа кинотеатрының артындағы қуыста жиналған боламыз. Ұят, ол жерде Калинин мен Ленин ескерткiшi тұр. Бiз қазақ елiнен пана таппай, Ленин мен Калининге мұң шағып тұрғандаймыз. Ал өз алаңымызда, көшелерiмiзде неге шеру жасамасқа, неге сондай талап қоймасқа? Егер осы нәрсе қалыпқа түссе, жанжал да, атыс та болмас едi. Көкiрегiнде кернеп жүрген запыранын төксiн, қыжылын айтсын. Ал ендi жанжал неден шықты? Билiктiң халықтан сескенуiнен, қорқуынан. Мемлекет болған соң шерулер болады. Өзi аз қазақты оққа ұстата берсек, тауысамыз ғой. Бiз дүниежүзi дiндерiнiң татулығын орнатамыз деймiз. Сөйтемiз де, өз халқымызды қырып саламыз».

«Жас Алаш» газеті, №3, 12 қаңтар 2012.

 

Байланысты жаналықтар

Жұмыртқадан ­балапан, балапаннан табыс шығады

23.07.2020

Алматыда атыс жасаған адамның кім екені белгілі болды

25.04.2021

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИСЬ ДВЕ СПОРТИВНЫЕ ПЛОЩАДКИ

25.05.2021

Дауылдан соң: Мырзахметов кетті, Сапарбаев келді

10.02.2020

Ақтаудың түрмесі смартфон шығара ма?

30.10.2020

ШЫМҚАЛАДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

19.05.2021