Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

Оқиға зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған

Сұлу Бөлек

  • 18.04.2025

Жаңаөзенде лицей оқушылары сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан. Оқиға зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Lada.kz редакциясына Жаңаөзендегі "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы соққыға жығылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Дереккөз мәліметінше, 16 сәуірде түлекті үйінің маңында өзімен жасты оқушылар ұрып-соққан. Бұған себеп – қызғаныш болған, себебі жасөспірім жуырда шетелдік университетке грант жеңіп алған. Сондай-ақ, шабуылды бастаған оқушы – лицей президенті екені нақтыланды.

Әкесі ұлын қорғауға ұмтылғанымен, ол да бірнеше баладан қорғана алмай, аяғынан жарақат алған.

Қазір зардап шеккен оқушы мен әкесі Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасында жатыр.

Шағым авторының айтуынша, білім ордасының әкімшілігі оқушыларға жәбірленушіні көруге және бұл жағдай туралы ақпарат таратуға тыйым салған.

Зардап шеккен тарапқа жағдайдың жария болмауы үшін ірі көлемде ақша ұсынылған.

"Лицей әкімшілігі мен қалалық білім бөлімі бұл оқиғаны жасырып қалуға тырысып жатыр, себебі лицейдің беделіне нұқсан келтіріп, жылы орындарынан айырылғысы келмейді. Директор бұл лицейді жеке бизнес көзіне айналдырған", – делінген хабарламада.

Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасы Lada.kz тілшісіне зардап шеккен оқушыға мынадай диагноз қойылғанын мәлімдеді: жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, ісік пен тері астындағы гематома, бет және көзі көгерген, сондай-ақ сол тізе буыны сырылған. 

Ал оның әкесінде – сол аяғының 2-ші табан сүйегінің жабық сынығы, сүйек сынықтарының ығысуы.

Lada.kz ресми пікір алу үшін полиция департаменті мен Маңғыстау облыстық білім басқармасына сауал жолдады.

Еске салайық, бұған дейін 8 сәуірде Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылында 11-сынып оқушысы күмәнді жағдайда қаза тапқан еді. 

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

18.04.2025

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

18.04.2025

Шерзат Болаттың өліміне себеп болған төбелес қалай басталған?

17.04.2025
MalimBlocks
Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

Шерзат Болаттың өліміне себеп болған төбелес қалай басталған?

Прокурор сотта оқиғаның мән-жайын баяндады