«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

Сабина Асқарқызы

  • 18.04.2025

Маңғыстау облысында қатарласын соққыға жыққан «Білім-инновация» лицейінің оқушылары анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

16 сәуірде мектеп бітірушіні үйінің дәл қасында құрдастары соққыға жыққан. Оның себебі көреалмаушылық екен, себебі ол жақында ғана шетелдік университеттің грантын жеңіп алған. Сондай-ақ шабуылға оның лицей президенті болған құрдасы себепкер екені белгілі болды.

Полиция мәліметінше, соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі қаралатыны айтылды.

Lada.kz жазуынша, жігітті үйінің маңында жиналған жұрт ұрып-соққан. Баланың әкесі көмекке жүгіргенімен, қарсы тұра алмай, соққыға жығылған.

Зардап шеккендердің екеуі де қазір ауруханада. Дәрігерлер оларға 11-сынып оқушысы мен оның әкесі түскенін растаған.

Полиция мәліметінше, соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі қаралатыны айтылды.

Сонымен қатар, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына материалдар дайындалып жатыр. Барлық кінәлі профилактикалық есепке алынады, - делінген хабарламада.

Байланысты жаналықтар

Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

18.04.2025

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

18.04.2025

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

17.04.2025
MalimBlocks
Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

Оқиға зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады