Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сұлу Бөлек

  • 10.04.2025

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Іс ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігі ("Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша қаралып, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.

Сот материалдарына сәйкес, кәмелетке толмаған жасөспірім 2025 жылғы 18 наурызда "102" жедел нөміріне қоңырау шалып, Жаңаөзендегі мектептердің біріне бомба қойылғаны жөнінде көрінеу жалған ақпарат берген. Тексеру барысында бұл ақпараттың жалған екені анықталды.

Сот отырысында баланың анасы өз кінәсін мойындап, құқықбұзушылық туралы хаттамамен келіскенін айтты. Ол болған оқиғаға өкініш білдіріп, баласына қатысты тәрбие шаралары қабылданғанын айтты.

Бұл баптың санкциясы бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Сот жазаны тағайындау барысында жауапты тараптың кінәсін мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын жағдайлар тіркелген жоқ. Соттың қаулысымен баланың анасына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

12.04.2025

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

11.04.2025
MalimBlocks
Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна қатысты сот процестері биылғы жазға шегерілді

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды