Цой: Мамырда вирусты тәулігіне 4 мың адам жұқтырады

  • 20.04.2021
  • Malim Админ

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың сценарийлерін қайта қарастырды.  Министр Алексей Цой бүгін өткен үкімет отырысында министрліктің "шынайы" және "жағымды" болжамын ұсынды.

"Жағымды болжам бойынша, вакцинация кесте бойынша жүрсе, сәуір аяғында тәулігіне 3 мың адам вирус жұқтырады. Ал "шынайы" болжам бойынша, вакцинация кестеге сай жүрсе, вирус жұқтыратындар тәулігіне 4 мың адамға жетеді, жұқтырудың шарықтау шегі мамыр айының ортасына келеді", - дейді Цой.

Цой бұл жолы "жағымсыз" сценарий туралы ештеңе айтпады. Бірақ айтуынша, алғашқы кезеңде вакцинация әсері бірден білінбейді, өйткені иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек. Келесі кезеңдерде вакцинация эпидемиологиялық ахуалға әсер ететін көрінеді. Алайда Алексей Цой оның нақты мерзімін ашып айтпады.

 

Байланысты жаналықтар

Денис Теннің өліміне қатысы бар адам бостандыққа шықты

06.01.2021

Көш көлікті, «Еңбек» табысты болсын!

23.09.2020

 В Шымкенте будет обработано около 4 миллионов квадратных метров территории города

19.05.2021

Карантин кезінде жұмысшылар құқығы қалай қорғалып жатыр?

24.03.2020

«Бір тал кессең, он тал ек»

05.02.2020

Әкім 500 сиырмен кездесті

12.05.2021