Үрейлі халық. Бөгеттегі жарықшақ: «Су келсе түгін қалдырмайды»

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 17.05.2021

Қызылағаш су қоймасының бөгетінде жарықшақ пайда болды. 2010 жылғы апаттан кейін бюджеттен 6 миллиард теңге жұмсап салынған су қоймасы әлі толық қарқынмен жұмыс істеп тұрған жоқ. Бірақ соған қарамастан, бетон қабырғаларында сызат пайда болған. Мамандардың айтуынша, бөгетке жарықшақ түсу қалыпты жағдай. Қазір қоймада тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«2020 жылы «Қазгидросушаруашылығы» келісімімен қоймаға 20 млн метр куб су толтырылды. 2021 жылы 30 млн метр куб, 2022 жылы 37-40 млн метр куб су толтыру жоспарланып отыр. Осыдан кейін ғана нысан пайдалануға беріледі. Жақында әлеуметтік желіде су қоймасында апаттық жағдайдағы жарықшақтар пайда болғаны жөнінде ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Ол жерде микро жарықшақтар бар. Гидротехникалық кешендерді салу приактикасында ол қалыпты жағдай ретінде бағаланады», - дейді «Қазсушаруашылықтың» Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Саят Құдайбергенов.

Қызылағаш тұрғыны Алмас Мұсабаевтың сөзінше, құрылыс кезінде жіберілген қателіктердің салдарынан қойма бөгетінде жарықшақ пайда болған. Әлеуметтік желіде ауыл халқы соны көрсеткен.

«Бұрын дамбының астында үлкен құбыр болған. Ал бұлар оны алып тастап, орнын тегістеп, бөгетті сала салған. Қазір сол құбырдың орнынан су ағып, жарықшақ пайда болған. Бір сөзбен айтқанда, дамбы қайтадан бұзыла ма деген қауіп бар. Халық инстаграм сияқты әлеуметтік желілерге жариялап, айтып жатыр. Одан басқа не істей алады?.. Ешқандай бақылау болмаған. Барлығы өз қалтасын ойлаған. Қазір су қоймасында бұрынғымен салыстырғанда екі есе көп су жиналып тұр. Егер ол су келетін болса, түгін қалдырмай бірақ шәйіп кетейін деп тұр», - дейді Алмас Мұсабеков.

Қызылағашта 2010 жылы наурыздың 11-інен 12-іне қараған түні су қоймасында апат болып, салдарынан ауылды су шәйіп, 300 адам жарақаттанып, 2 мыңға жуық адам эвакуацияланып, 45 адам (оның ішінде 15 бала) көз жұмған.

Байланысты жаналықтар

Петропавлда су қоймасы туралы фейк ақпарат таратқан тұрғын 74 мың теңге айыппұл арқалады

22.04.2024

Су тасқынының келесі толқынына дайындық: Бектенов Оралға барды

15.04.2024

Су ресурстары министрлігі Астанадағы су қоймасы 99 пайызға толғанын айтты

12.04.2024

Су тасқыны: Атыраулықтар Жайық жағасын биіктетіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

11.04.2024

Атырау облысында бөгет салу кезінде адам сүйектері табылды

09.04.2024

БҚО ТЖД Ирикла су қоймасынан өңірге келетін ағын сейілгенін мәлімдеді

08.04.2024
MalimBlocks
Петропавлда су қоймасы туралы фейк ақпарат таратқан тұрғын 74 мың теңге айыппұл арқалады

Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады.

Су тасқынының келесі толқынына дайындық: Бектенов Оралға барды

Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді.

Су ресурстары министрлігі Астанадағы су қоймасы 99 пайызға толғанын айтты

Тасқын сулары Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы қауіпсіз ағызылады.

Су тасқыны: Атыраулықтар Жайық жағасын биіктетіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Өзеннің су деңгейі кез келген сәтте көтеріліп кетуі мүмкін.

Атырау облысында бөгет салу кезінде адам сүйектері табылды

Алдағы уақытта табылған сүйектер қайта жерленеді.

БҚО ТЖД Ирикла су қоймасынан өңірге келетін ағын сейілгенін мәлімдеді

Ресей Федерациясы 5 облысының Төтенше жағдайлар ведомствосымен өзара іс-қимыл аясында трансшекаралық өзендердің жағдайы бойынша жедел ақпарат алмасып отырмыз.