Тасқынға дайындық: қыркүйектің соңында Бұқтырмадан су жіберіле бастайды

Сөйтіп, еріген қар суын қабылдауға орын босатылады

Мәди Саматұлы

  • 22.09.2024

Су тасқынын болдырмауға ертерек қамданған абзал.  Осы ретте қыркүйек айының аяғынан бастап Ертіс өзені жағалауындағы Бұқтырма суқоймасынан су жіберу басталады.  Бұл өз кезегінде еріген қар суын қабылдайтын орындарды босату үшін жасалып отырған шара, деп хабарлайды Malim.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облыстық «Қазсушар» филиалының директоры Төлеген Құлжанов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ертіс-Баян өңіріндегі Май ауданында орналасқан Бесбай алабын күрделі жөндеу көзделген.

Қамданған қапы қалмайтынын өткендегі төтенше жағдай көрсетіп берді. Нысанның жалпы көлемі – 14,6 мың гектарды құрайды. Отыз сегіз гидротехникалық және алты су өткізетін құрылғылар жөндеуге жіберілмек. Бұл маңызды шаруаны келесі жылы тәмамдауға ниеттіміз. Кешенді жөндеу ісі аймақтағы  сағалардың бәрін сумен қамтып  қана қоймай, тіршілік нәрін орынымен қолдануға жол ашады, дейді бөлімше директоры.

Сонымен қатар, ауызсумен жабдықтау жұмысы жүйеленбек. Алты жылға дейін Май топтық су құбырын Майтүбек ауылы төңірегінен бой көтеретін 2-сорғы стансасына қосу мақсат етіліп отыр. 

Фото: АШМ

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

25.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025
MalimBlocks