Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

Арман Қайыпхан

  • 27.03.2025

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 150 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 8,3 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 67%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 620 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 660 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 12,2 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 9,3 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2,2 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су жіберілуде.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,7 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде. Қазір екі нысан да белсенді су жинауда, орта есеппен 68%-ға толды.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 493,2 текше метр, Петропавл су қоймасынан 195 текше метр су жіберілді.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еңбек министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы пікір білдірді

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Экология министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

22.03.2025

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2025

Жаңа энергетика министрі тағайындалды

19.03.2025
MalimBlocks
Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еңбек министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс және мерекелік күндерді ауыстыру мәселесі бойынша пікір білдірді

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Экология министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақстандықтарды "Жер сағаты" акциясына қатысуға шақырды

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Жаңа энергетика министрі тағайындалды

Ерлан Ақкенженов энергетика министрі болып тағайындалды