Экономика министрі тым «экономшыл» екен

  • 10.03.2020
  • Алмас НҮСІП

Былтыр ғана «қаржыны үнемдеу туралы» бастама көтеріліп, біраз әкім-қаралар мен министрлер жыл аяғына қарай аяқ асты «экономшыл» болып шыға келген. Бұл бастама кейбір ведомстволар үшін атқарылып бітпей жатқан біраз жұмыстарын жасырып-жабуға таптырмас сылтау болғаны аян. Дегенмен, қаржыны үнемдеу мен игерілмеу бір біріне қарама-қайшы жағдай, соңғы деректерге қарағанда екеуінің айырмашылығы 5 еседен асады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ мәлімдеді.

Бюджет қаржысын игермеу жөнінде Ұлттық экономика министрлігі көш бастап тұр. Тағайындалғанына бір жыл жаңа толған министр Руслан ДӘЛЕНОВ әлі орнығып үлгере алмай жатыр ма екен, әйтеуір, «игермеу» бойынша қара үзіп шығыпты. 15,6 млрд теңгесі артылып қалған бас экономистің бұл қаржысы бүкіл ел болып «үнемдеген» қаржыдан 1,5 есеге артық. Және, игермеу жөнінен екінші орында тұрған ҰҚК-ден екі есеге жуық көп.

Смайыловтың сөзіне салсақ, қаржы игермеу көрсеткіші өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда төмендеу. Жыл басында көптеген ведомстволар мен атқарушы билік өкілдерінің бюджеттік жоспары төмен боалтындықтан, бұл кезеңдегі игермеу көрсеткіші де төмен болады. Бірақ, экономика министрлігінің көрсеткішіне қарағанда, Дәленов жыл басынан бастап қолымнан келе ме деп ойланыпа жатпастан кең ауқымды жұмыс жасап көргісі келген сияқты.

«Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн 102 млрд теңгені құрады. Бюджет қаражаты 62 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 10 млрд теңгесі – үнемделген қаржы. Ал игерілмеген сома 52 млрд теңге. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23 млрд. теңгеге төмен», – деп есеп берген Смайылов барлық өңірлердегі бюджеттік жоспарлардың артығымен орындалғанын хабарлады.

Қаржы игере алмай отырғандар негізінен ведомстволар екен. Екінші орында тұрған ҰҚК 8,3 млрд теңгені игере алмаса, «үздік» үштікті Білім және ғылым министрлігі 4,7 млрд теңгемен түйіндеп  тұр. БҒМ-мен үзеңгі қағыстырып келе жатқан Әділет министрлігі (4,6 млрд) мен Мәдениет және спорт министрілігі (4,2 млрд). Ішкі істер министрі митингіге шыққандарды ұстаймын деп жүріп қолы тимеді ме екен, 3,3 млрд теңгені игере алмай қалыпты.

Айта кету керек, 2018-ден бері қаржы игермеу бойынша Әділет, Мәдениет және спорт, ІІМ, БҒМ мен ҰҚК сияқты құрылымдар тізімнен түспей келеді.

Айтпақшы, 2015 жылы Қаржы министрінің орынбасары болып тұрған кезінде бюджет қаржысын игермеген 53 шенеунікті жауапқа тарту туралы айтқан Дәленов енді өзі жайлы не айтар екен?..

Байланысты жаналықтар

"300 жыл бұрын қайда болдыңдар?": Ресей депутаты Қазақстанға тағы да шүйлікті

11.04.2021

Қазақстан тағы қандай елдерден көмек сұрады?

02.04.2020

Лондон сарайлары: Қазақ байы қызына бір жылда үш пәтер сыйлаған

07.03.2021

Қағба мен пайғамбар мешіті жабылды

20.03.2020

Түймебаевтың әжетханасы қанша миллион тұрады?

08.02.2021

Тоқаев Ағаділ қазасына қатысты пікір білдірді

29.02.2020