Бір миллиард бюджет қаржысына ескерткіш қойылмақ

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 09.06.2021

Әуежай мен су құбырын қатырмаған Баянауыл ауданында 1 миллиард теңгеге ескерткіш қойылмақшы.

Баянауыл ауданы экономикасының нақты секторы бөлімі мемлекеттік сатып алулар порталына Олжабай және Жасыбай батырларға ескерткіш орнатуға тендер жариялаған. Хабарландыру 2021 жылы 24-ші мамыр күні ілінген. Өтініштерді қабылдау 8 - маусымда аяқталған.

Порталда іліген хабарландыруда ескерткіш орнатуға бөлінетін жоспарланған сомма 793 717 460 теңге делінген. Бірақ лоттық техникалық ерекшеліктері бөлімінде жұмыстың сметалық құры 949 733 767 миллион теңге деп көрсетілген. Яғни Баянауыл ауданы экономикасының нақты секторы бөлімі Олжабай мен Жасыбай батырларға арналған мемориалды кешеннің құрылысына 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсамақ.

Павлодар облысы Баянауыл ауданының шенеуніктері миллиардтарға ескерткіш қоюмен ғана емес, әуежай мен су ұбыры қаржысын жымқырумен де жалпақ жұртқа танымал. 2021 жылдың қаңтар айында Баянауыл ауданының экс-әкімі Оразгелді Қайыргелдинов ұшып-қонуға жарамсыз әуежай сатып алғаны үшін 3,5 жылға сотталған. Ауданның қазіргі әкімі Қанат Кәрімовтің сөзінше, әуежай үлкен ұшақтар мен туристерді қабылдау үшін жанындағы тауды бұзу қажет.

Бұдан бөлек, былтырғы жылдың желтоқсан айында ҚР Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің телеграм арнасында дәл осы Баянауыл ауданына қатысты ақпарат жарияланған. Онда 2017-2019 жылдары Баянауыл су құбырларының құрылысына бөлінген 1,2 миллиард теңге бюджет қаржысының жымқырылғаны жөнінде айтылған. Сол уақыттан бері аталмыш оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге оның немен аяқталатыны белгісіз.

Байланысты жаналықтар

133 млн теңге шығын: Павлодарда мүгедектерге арзанқол гаджет сатып әпермек болғандар сотталды

15.04.2024

Су тасқыны: Павлодар облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталды

09.04.2024

Павлодарда «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының директоры бопсалап пара алған

02.04.2024

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

27.03.2024

Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды 

26.01.2024

Алматыда орыс жерін біріктіруші князь Александр Невскийдің ескерткіші ашылды

13.07.2023
MalimBlocks
133 млн теңге шығын: Павлодарда мүгедектерге арзанқол гаджет сатып әпермек болғандар сотталды

Кәсіпкерлік қызмет арқылы 25 млн теңгеден астам заңсыз пайда көрген жеткізуші де жазасыз қалған жоқ.

Су тасқыны: Павлодар облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Қазіргі уақытта ауылдарда жиналған қар суының қалдықтары сорылып жатыр.

Павлодарда «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының директоры бопсалап пара алған

Павлодар қаласының No2 сотында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры мен бас маманға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды 

Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, Түрксой Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Алматыда орыс жерін біріктіруші князь Александр Невскийдің ескерткіші ашылды

Ескерткіш Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан Невский атындағы шіркеудің ауласына қойылды.