"Нұрәлі Әлиевтің үйі менің арызымнан соң қамауға қойылды"

  • 11.03.2020
  • Malim Админ

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, марқұм Рахат Әлиевтің бизнес-серіктесі, канадалық Адонис Дербас Нұрәлі Әлиевтің Лондондағы зәулім үйі Ұлыбританияның ірі қаржы махинацияларын зерттеу басқармасына (SFO) жазған арызынан кейін қамауға қойылғанын айтты. Бұл туралы КазТАГ агенттігі жазды.

«Мен SFO-ға, Кипрдің ақша жымқырумен күресетін қызметіне арыз жаздым. Бірнеше рет өзім де бардым. Өйткені өте көп ақша аударылған еді», – дейді Дербас.

Оның айтуынша, Дербастың компаниясын Сенат спикері Дариға Назарбаева пен Рахат Әлиев  кезінде ақша жымқыру үшін пайдаланған.

Қазақстанда оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалыпты. Енді арызы арқылы халықаралық ұйымдардың назарын осы жағдайға аудармақшы. Британия билігі Нұрәлі Әлиевтің зәулім үйді қалай иеленгенін анықтаса, мәселенің ұшығы шығайын деп тұрғанға ұқсайды.

Естеріңізде болса, Нұрәлі Әлиевтің Лондондағы үйі қайдан келген байлық екені белгісіз деп айыпталып, қамауға алынған. Бұл үйден басқа Дербас компаниясына кіретін оффшор аймағындағы мүліктер де қамауға қойылған.

Фото: eadaily.com

Байланысты жаналықтар

"Саяси тұтқынның" соққыға жығылуы: Жазасын өтеушілер аштық жарияламақ

29.04.2021

Сайлау учаскелерінде бұзушылықтар тіркелген жоқ – Күнәділов

25.07.2021

Коронавирус шыққан Қытай Қазақстанға көмектеспек

02.04.2020

Нұр-Сұлтан әкімдігі халықтан қашып жүр ме?

08.02.2021

Ресейде Навальныйдың жақтастарын жаппай ұстап жатыр

21.04.2021

В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ФИЛИАЛА ПАРТИИ «NUR OTAN»

12.05.2021