"Түрлі қылмыстарға барған мұндай адам биліктен кете алмайды"

Malim Админ

  • 11.03.2020

Демократиялық елдердің ең үлкен жетістігі, тіпті барша дамуларының кілті билікке отыратын адамға ары кетсе екі сайлауға түсуге, яғни, сегіз жыл ғана ел басқаруға мұрсат беруі. Кім болса да сегіз жылдан бір жыл да артық отыра алмайды. Осы қағида ата заңға қазықтай қағылған. Оны ешқандай жолмен ешкім өзгерте алмайды. Осы заңның нәтижесінде биліктегі адам сегіз жылдан кейінгі өмірі үшін барлық іс-әрекетін тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырады. 4 не 8 жылдан кейін биліктен кеткен кезде метросына мініп, университетінде сабағын беріп, халықтың ортасында емін-еркін жүре береді. Елін тастап қашуға мәжбүр болмайды.

Ал демократиядан жұрдай елдерде биліктегі адам көп отырған сайын заңсыздықтарға белшеден батып, әбден былғанады. Айналасы іріп-шіриді. Көзін шел басады. Заңды белден басып, түрлі қылмыстарға барған мұндай адам биліктен кете алмайтын жағдайға жетеді. Қазынаны бірге тонаған айналасындағы олигархтар да оны билікте ұстап тұруға мәжбүр болады. Нәтижесінде билікте мейлінше көп отырудың, билікті барынша ұзартудың түрлі әрекетін жасайды. Тағы да заңсыздықтарға барады. Батқан сайын бата береді. Ақыр соңында бәрі құрдымға кетеді.

Араб елдері мен посткеңестік мемлекеттердің көпшілігі осы тайғанақ жолда жүр. Дамымай кері кетіп жатқандықтары да сондықтан. Мұндай елдерде тәуелсіз сот, әділетті сайлау, шынайы сөз бостандығы болған емес, болмайды да!

Материал автордың рұқсатымен жарияланды.

Байланысты жаналықтар

Бір жыл өтті. «Олар өздеріне ор қазып жатыр»

22.04.2020

Нұр-Сұлтан жабық қалаға айнала ма?

17.03.2020

«Ағама ауыртпалық түсіргенім жоқ»

13.04.2020

“КЕМШІЛІГІ ӘР ЖЕРДЕН КӨРІНІП ТҰР-АУ…” 1-бөлім

08.02.2020

Төтенше жағдай кезінде несие төлемейсіз

17.03.2020

«Қазір кәсіпкерлер волонтерларды өздері іздейді»

17.07.2020
MalimBlocks
Бір жыл өтті. «Олар өздеріне ор қазып жатыр»

Нұр-Сұлтан жабық қалаға айнала ма?

«Ағама ауыртпалық түсіргенім жоқ»

“КЕМШІЛІГІ ӘР ЖЕРДЕН КӨРІНІП ТҰР-АУ…” 1-бөлім

Төтенше жағдай кезінде несие төлемейсіз

«Қазір кәсіпкерлер волонтерларды өздері іздейді»