Цой бес күн бұрынғы болжамды өзгертті

  • 19.07.2021
  • Malim Админ

Денсаулық сақтау министрі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты жаңа эпидемиологиялық болжам ұсынды. Енді министрліктің жағымсыз сценарийі бойынша, тамызда індет шарықтау шегіне жеткенде тәулігіне 11 мың адамға дейін коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы министр "Хабар 24" арнасындағы "Ошақбаев. Live" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

Осыдан бес күн бұрынғы болжамында Цой тамызда індет шарықтау шегіне жеткенде жағымсыз сценарий бойынша, тәулігіне 6 мың адамнан вирус анықталады деген еді.

Цойдың айтуынша, коронавирус індетінің таралуын бақылап отырған ғалымдар тобы деректерге сүйеніп, эпидемиологиялық ахуалды болжайды.  Болжам екі апта сайын қайта қарастырылады.

"Жағымды сценарий бойынша,  індет тамызда шарықтау шегіне жеткенде 6-6,1 мың адамнан вирус анықталады. Шынайы сценарий бойынша, тамызда індет шарықтау шегіне жеткенде тәулігіне 9 мың адам вирус жұқтырады. Жағымсыз сценарий бойынша, тамызда індет шарықтау шегіне жеткенде тәулігіне 11 мың адамнан вирус анықталады. Біз жасайтын болжамға байланысты ауруханадағы төсек-орын санына да қараймыз, қажет болса тиісті шаралар қабылданады", - деді Алексей Цой "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында.

Шілденің 14-і күні Алексей Цой тамызда індет шарықтағанда шынайы сценарий бойынша, тәулігіне 5,3 мың адам, жағымды болжам бойынша, шамамен 5 мың, ал жағымсыз болжам бойынша, 6 мыңнан көп адам жұқтыруы мүмкін деген болжам ұсынған.

Фото: Liter.kz

 

Байланысты жаналықтар

Асанәлі Әшімов: Жігіттер әлдебір топтың жетегінде кеткен екен

08.02.2020

Оқушылар Аймағамбетовті тыңдамай жатыр

22.06.2020

EURO-2020 сенсациясы. Чехия Нидерландыны үйіне қайтарды

28.06.2021

Солтүстікке барғандар оңтүстікке көшіп жатыр

10.12.2020

Профессионал своего дела

27.05.2021

Орманнан қарағай қазып, өз үйіне отырғызбақ болған

21.04.2020