«Ұлы даланың жеті қыры» түркі әлеміне де әсер етті

Абай Нұржанұлы

  • 29.07.2021

Елбасы Нұрсұлтан Әбішлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.

Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды.

Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан» деп қазақ даласының шығысы мен батысына дейінгі аралықтың түркі елдерінің орталығы екенін кесіп айтқан болатын. Бұл кесімді пікір жалпы түркі елдерінің ішінде мойындалған. Ұлы даланың жеті ерекшелігін айта айтырып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осы жолда нақты тапсырмалар берді. Ол Қазақстанды түркі жұртының орталығы ретінде, ал Түркістан облысын Түркі әлемінің астанасы ретінде қабылдауды ұсынған. Елбасының осы бастамасы түркі елдерінің басшылары тарапынан қолдау тауып, Түркістан қаласы Түркі әлемінің астанасы болды. Көктемде Елбасы нұрсұлатн Әбішұлы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысқан үлкен саммит өтті.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына жалғасы жазған бұл мақаласы да жаңарухани жаңғыруға одан әрі серпін берді. Жаңа облыс орталығы құрылып, жаңа жұмыстар басталды. «Ұлы даланың фольклоры» жинақталып, антология болып шықты. Көне сарындар да жинақталып, жаңа ғылыми зертеулерге негіз болды.

Елбасының осынау бастамалары қазақ руханиятына ғана емес, түркі жұртының рухани өміріне қан жүгіртті. Ұлы даланың есімдері, архив, түркі әлемінің генезисі тақырыптары бауырлас елдерге де әсер етті. Олар да қазақтармен бірлесіп жұмыс істеп, ортақ тұлғаларды бірге одан әрі зерттей бастадыү ал бұл түптеп клегенде туыстас елдердің ынтымағына да әсер етті. Бір тапсырма арқылы жүз істі тындырған «Ұлы даланың жеті қыры» одан әрі жарқырай көріну керек деп ойлаймыз.

Байланысты жаналықтар

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

31.03.2024

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

29.03.2024
MalimBlocks
Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турнирдің финалында Даниэль Коллинзді (53 WTA) жеңе алмады. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

Сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақырту алған боксшылардың құрамы бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдейді Malim.kz.