Назарбаевты жақсы көретін депутат әкім орынбасары болды

  • 13.03.2020
  • Malim Админ

«Nur Otan» партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Бақытгүл ХАМЕНОВА Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Облыс басшысы Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ активке жаңа орынбасарын өзі таныстырды.

Туған жерінен Нұр-Сұлтан қаласына бір кездері педагог боп аттанған Хаменова ханым әкім орынбасары болып оралды. Бақытгүл Хаменова бір-ақ күнде журналистердің назарына ілігіп танымал болып кеткен жан. 2016 жылы 30 қаңтар күні  «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры Хаменова сол кездегі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА Қазақстандағы барлық колледждер мен студенттердің атынан алғыс айтады. Және өлеңін арнайды.

Көкжиектен арғы жақты көретін,

Ел-жұртына шексіз қуат беретін.

Соқсадағы замананың дауылы,

Барша халқы тек соңынан еретін.

Елбасындай ерен тұлға тұрғанда,

Мен елімнің ертеңіне сенемін.

Осы бір жұлдызды сәт Бақытгүл ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫНЫҢ өмірін күрт өзгертіп жібереді. Сол жылы көктем де кезекті кезектен тыс парламент сайлауы өтіп, Хаменова мәжіліс депутатына айналады.

Араға бір жыл салып 2017 жылы енді депутат Хаменова Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНА өз сезімін жеткізеді.

«Мен Елбасын жақсы көремін. Президентпен "көзімді аштым". Мен тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымын. Мен неге бұл сөздерді шын жүректен президентке айта алмаймын!», - деген сөзі әлі де ел есінде.

Сондай-ақ, дәл сол жылы парламенттің қос палатасының бірікке отырысында Астана атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынады. Бақытгұл Хаменова 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Халел ДОСМҰХАМЕДОВ атындағы Атырау мемлекеттік университетінен қазақ тілі және әдебиеті пәндері мұғалімі мамандығын алып шыққан. Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-ті, Атырау мұнай мен газ институты, Махамбет ӨТЕМІСҰЛЫ атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де білім жетілдірген. Жергілікті БАҚ-та журналсит болып та қызмет еткен.

Фото: zhasatyrau.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Қарағұсованың құдасы журналисті қорқытты

19.05.2020

Коронавирус: Ухандағы отандастарымыз елге оралады

01.02.2020

Мыңбаев отставкаға кетуге мәжбүр болған

30.03.2021

"Саяси тұтқынның" соққыға жығылуы: Жазасын өтеушілер аштық жарияламақ

29.04.2021

Түрмеде отырған саяси тұтқын соққыға жығылды

26.04.2021

Халық дауыс бермейтін сайлауға 254 млн бөлінді

12.06.2020