457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша іс сотқа түсті

Шымкент мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиенбайға қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Нақтылай кетсек, Жиенбай ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айыпталып отыр — 24-баптың 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-баптың 1-бөлігі ("Адам өлтіру").

Алдын ала тыңдау 28 шілде күні сағат 10:00-ге белгіленген.

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл 2025 жылдың 21 сәуірінде қала әкімдігі ғимаратының маңында болған. Оған бірнеше рет оқ атылып, жараланған. Кейін шенеунік ауруханаға жеткізіліп, жедел ота жасалды. 23 сәуірде Шымкент әкімдігі оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме таратты. Ал 29 сәуірде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әкім орынбасарының жағдайы тұрақты екенін айтып, оның өздігінен жүріп-тұратынын, бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады.

Фото: facebook/Руслан Берденов