Байқоңырда дәрігерлер жұмысқа шықпаймыз деп жатыр

Дәрігерлер президенттен, премьер-министрден, денсаулық сақтау министрі мен облыс әкімінен араша сұрап жатыр.

Руслан ЕРБОТА

  • 14.09.2021

Қазақстан мен Ресейге қатар қарайтын Байқоңыр қаласындағы бұған дейінгі даулар аз болғандай және біреуі шықты. Бұл жолы қара жердің астынан емес, жеті қат көктен емес, әскери күштен емес, зиянды қоспадан емес, мемлекеттік не ресми тілден емес, кәдімгі ақ халатты мейрімді дәрігерлердің ортасынан шықты.

 Қаладағы көп бейінді аурухана ұжымы жұмысқа шықпаймыз деп отыр. Пандемия кезінде қала тұрғындарының денсаулығы қараусыз қалса, оған облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәбит Пазилов жауапты дейді. Талаптарына қарасақ, жоқ жерден дау шығарып, елді шулатқан Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәбит Пазиловтың келте ісі екен. Ол Байқоңыр қаласындағы көп салалы аурухананың бас дәрігері Жандос Әділханды «жұмыстан заңсыз шығарып тастаған».

Аурухана ұжымы өткізген жиналыстарының видеосын редакцияға жіберіп, әлеуметтік желіге шығарған екен, сондағы айтылған сөздерін ықшамдап беріп отырмыз(видеосы төменде).

«... Жандос Қойшыбаевичқа менің болжамым бойынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы тарапынан қудалау жүргізілуде. Себебі өңірде бала өлімі болды. Арал ауданында жақында екі бала өлімі болды. Қармақшы ауданында ана мен бала өлді. Алайда ол аудандардың бас дәрігерлеріне шара қолданбай, жұмысы жақсы жүріп тұрған біздің бас дәрігерге ғана шара қолданып отыр».

«Олар шығарған хаттамаға қатты таң қалдық. Таңқалғанымыз өте сауатсыз толтырылған. Тәртіптік кеңес қалай өткені туралы сөз жоқ.  Одан кейін тағы да жиналып, әріптестердің пікірін жеткіздік. Коронавирус бүкіл елді шарпып тұрғанда, жылдың соңы емес ортасында бас дәрігерді жұмыстан алып тастау бар заңға қайшы».

«Бас дәрігер небәрі екі жылда көптеген жақсы өзгеріс жасады. Облыста жоқ білікті мамандарды алдырды. Еңбек ақымызды уақытында алып келеміз. Бұрынғыдай кредит қарызымыз жоқ. Бірақ, ұжымды бүлдіріп жүрген бір-екі адам бар, бәріміздің атымыздан Әділхан анандай-мынандай деп хат жазып, 480 адам қол қойды депті. Өткен жиында көпшіліктің көзінше «Иә, мен қателестім, 480 адамның атынан хат жаздым, эмоциямды ұстай алмадым, осының бәрін қайта жазып, 480 адамның қол қоймағанын жазамын» деді ғой. Бірақ, ертесі күні сөзінен айнып қалды. Біздің қызметтік міндетіміз адамдарға көмектесу, біз – дәрігерміз! Интрига, дау-дамай, біздің іс емес еді, соңғы кезде тіпті заңгер боп алғандаймыз.  Мұндай жағдай жұмысымызға үлкен кедергі келтіріп тұр».

«Ол кісі [бас дәрігер] әрине, қандай проблема боп жатқанын айтпады. Біз айдаладағы біреуден естідік. Барсақ,  оны жұмысынан алып тастапты, орнында міндетін атқарушы отыр. Не үшін алып тастаған? Шулатып жүріп приказын көрдік. Оның бұрыстығын оқып, түсінуге білім де қажет емес. Мен кезінде бастық болдым, түк түсінбедім, қандай әрекеті үшін оны жұмыстан алғанын. Комиссияда екі адам отырыпты, сол екеуі алып тастапты. Екі-ақ адам, такие вещи не решаются. Жұмысынан алуға қатысты қызметтік тексеру еш жерде болған емес. Алдыңғы аптада жұма күні облыстық кәсіподақтан Асылхан Абылайханұлы хабарласты, кешке. Гүлшара Кеңесовна, қазір тәртіптік кеңес болып жатыр, сіздің бас дәрігерлеріңізді талқылап жатыр дейді. Мен түсінген жоқпын. Как это? Біздің бас дәрігерді кешкі сағат алтының кезінде тәртіптік комиссияда қарайды? В шесть вечера что за комиссия? «Уот осылай да осылай, сіздің мекеменің коллективі қарсы шыққан көрінеді» деді. Сосын мен айттым: бір құмалақ бір қарынды шірітеді. Бізде Даутов Базарбай деген бізде зам бар, сол кісі өз эмоциясын жазып, астына біздің ұжымның 485 адамның қолын қойған. Оған өзі до сих пор түсініктеме берген жоқ. Вот представляете,  к чему приводят наши эти гусиные поступки? «485 адам оған қарсы шығып отыр, сіз қарсы шығып отырсыз ба?»дейді. Значит ол адамның ішінде мен де болуым керек. Тәртіптік кеңес менен сұрады ма?»

«Облыстық прокуратура, аймақтың тергеу комитеті, облыстық денсаулық басқармасы, тағы да басқа 4-5 инстанцияға  хат жазып жібердік. «Иә, жиналыс өткізілді, Базарбаев 485 адамның қолын жинаған жоқ, бұған ешкім қол қойған жоқ» деп. Жаңа қарасақ, сол мекемелерден жауап келіп жатыр, Хатты алдық, тіркедік, қарастырып тексереміз деп. Бірақ кешегі жағдай [бас дәрігерді орнынан алып тастау] өте ыңғайсыз».

«Бас дәрігер екі жылға жетпей жағдайды жақсартты, кейбір мекемелер мұндайға ғасырлап жете алмай жүр. Ол кісіні алып тастағанына қарсымын.  Біздің аурухана  ең үздік мекеме қатарына ілікті. Атақ алдық. Облыстық денсаулық басқармасынан бізді ешкім құттықтаған да жоқ. Керісінше, екінші күні келіп, осы жерге бізді қамап, быт-шытымызды шығарып кетті, Пазилов. Сөзімізді де дұрыс тыңдаған жоқ».

«Аурухана ұжымы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Бексейітұлы Пазиловтың бас дәрігерімізді [Жандос Әділхан] заңсыз жұмыстан алып тастағанына үзілді-кесілді наразы. Байқоңыр қаласының медицинасын дамытуға елеулі үлес қосқан бас дәрігерімізге Сәбит Пазиловтың жеке бас қарым-қатынасынан пандемия қабаттасқан соңғы жылдары аурухана жұмысы бәсеңсіп тұр.  Ұжымның талабы: Жандос Әділханға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімін жойып, бас дәрігер лауазымына қайтару. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысын қызметтік тексеруге алып, осы іске қатыстыларды жазаға тарту. Бұл талап орындалмаған жағдайда бұл ауруханада жұмыс істеуге біз де бас тартамыз Бас дәрігер шақырған дәрігерлер жұмыстан кетуге дайын. Мұның салдыры мен жауапкершілігі облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісі мен облыс әкімінің мойынында».  

Аурухана ұжымының айтуынша, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының 291 бұйрығы бас дәрігерді жұмыстан алып тастауға қайшы. «Бас дәрігерді ҚР Еңбек кодексінің 52 тармағы, 13 тармақшасымен жұмыстан босату негізсіз бұйрық. Себебі  ҚР Жоғары Сотының 9-нормативтік қаулысында көрсетілген: нақ осы бап бухгалтер, экономист, мемлекеттік сатып алушы мамандарына ғана қолданылатын бап.  Екіншіден денсаулық сақтау басқармасы ҚР 152 Жарлығы бар президенттің, сол Жарлықтың 49 бабын сақтамаған. Қызметтік тексеру алдында қызметтік тексеру жүргізуші лауазымды тұлғалар біріншіден, тексеріс жүргізу туралы бұйрық шығарады. Алайда Жандос Қойшыбаевичты жұмыстан босату туралы хаттамада бұл бұйрық негіздемеде көрсетілмеген. Екіншіден ҚР президентінің 152 Жарлығының 49 бабында қызметтік тексеру жалпы бір айлық мерзімнен аспайтыны көрсетілген. Тексерушілер заңның бұл талабын да дұрыс орындамаған» дейді.

Бұл аурухананың дауын әлеуметтік желіге алғаш шығарған әріптестері «сыртымыздан қолы қойды» деп отырған Базарбай Даутов. Ол Facebook парақшасында аурухана жағдайына қатысты бірнеше пост жазған. Соның бірінде былай дейді (үзіндісін қаз қалпында бердік):

«Негізгі түрткі болып қолымызға қайта қайта қалам алғысып отырған ол Байқоңыр ауруханасына байланысты бір жылға созылған былықтар. Сол болып жатқан жағдайды айтамыз деп бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Ол осы аурухананың бас дәрігері Жандос Әділханның іс әрекетінің кесірінен болып жатқан келеңсіз жағдай. Жұмысқа қабылдау кезінде кемінде 500 мыңнан бір миллионға дейін сұрайтын парасы; Ол жағдай менің де басымнан өтіп, пара бермегендіктен мені қазір кезге дейін қудалап Россия полициясы арқылы үстімнен өзі ұйымдастырып жалған іс қозғатты. Істің құрамында қылмыс жоқ деп шешім алсамда : түрткілеу, қудалау тоқтар емес.    Туған балдызы бас экономист екеуі ақшаны жымқырудың неше түрлі әдістерінің : Ковид19 кезінде 2020 жоктябрь, ноябрь айында 2- мобильді топ жұмыс істеді деп ( ол кезде тоқтап тұрған) жалған жұмыс істемеген өзінің адамдарының карточканы ақша аудару, сол арқылы ақшаны бөлісу, т.б.сол сияқты фактілері ;

2020 жылдың аяғында ұжымның шешімімен беріледі деген 20000000 миллион ақшаның(премия) кенеттен жоғалып кетіп, өз араларында бөліп алды деген тұжырымдар ;

Ковид кезінде октябрь, ноябрь айында 2020 ж өтірік мобильді топ құрылып ақшаның өз есептеріне тәлкілелуі ; Лицензиясы жоқ болсада рұқсатсыз ақылы жасырып, астыртын, мемлекеттің есебінен косметалогиялық операциялар жасалынғаны ;

Бас дәрігердің облыстың әкімін сатып алдым деген этикаға сай емес халық арасындағы сөзі ;

Россияның полициясына жүгініп оларды қолшоқпар етіп пайдаланып қызметкерлерді қорқытып бағындыруы;

Жоғарыдағы айтылған фактілер *жаңалық* емес.

Осы ақиқаттар

Адырна ұлттық арнасында 05.03.2021ж,

01.04.2021ж,

18.05.2021ж,

04.06.2021ж жариаланып Президентке, Парламентке,Министрлерге,(МВД,МФ,МЗР) Антикорға ,Облыстың әкіміне жеткізілді».

 

Редакциядан: Базарбай Даутовтың бұл жазғандары рас болса, осындай арыз негізінде тексеру жүрсе, онда қызметінен босап қалған Жандос Әділханды ұзақ мерзімге соттатып-ақ жіберуге болар еді. Бірақ, оны тәртіптік кеңестің түсініксіздеу кеңесімен жұмыстан алып тастағанына қарағанда даудың ішкі сыры басқа да сияқты.  Бұрынғы бас дәрігерді жақтаған аурухана ұжымы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сабит Пазиловта  Жандос Әділханға деген жеке жек көрушіліктің барын, тіпті, оны қызметтен қайтсе де алып тастауға серт еткенін ашып жазып отыр.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

08.04.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022

Цойдың орынбасары Назарбаевты неліктен Ресей дәрігерлері емдегенін айтты

08.07.2021

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

08.07.2021
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Цойдың орынбасары Назарбаевты неліктен Ресей дәрігерлері емдегенін айтты

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды