Нұр-Сұлтанда Жастар ісі жөніндегі кеңесте «Елорда жастары» бағдарламасы таныстырылды

Елордада қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңесте «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Elorda Jastary» бағдарламасы таныстырылды.

  • 18.11.2021

Іс-шараға қатысушыларды елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов қарсы алып, кеңестің негізгі міндеттері туралы айтты.

«Кеңестің жұмысы мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның тиімділігін талдау, басымдықтарды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылау болып саналады. Ел басшылығы жастарды қоғамдық процестерге белсенді тартуға және дамытуға үлкен көңіл бөледі. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы жастарға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған, атап айтқанда, тұрғын үймен, жұмыспен қамтумен, бизнесті дамытумен байланысты және өзге де мемлекеттік бағдарламалар, жобалар әзірленіп, іске асырылуда.

Отырыс барысында Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров елордалық жастарды қолдаудың 2021-2023 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында жүзеге асырудың 6 негізгі бағыты, 33 мақсатты көрсеткіш және елордалық жастарды қолдауға бағытталған 69 іс-шара белгіленген.

Бағдарламаның негізгі бағыттары: сапалы және қолжетімді білім беру, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру, жастардың денсаулығы мен әлеуметтенуі, бұқаралық спортты дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау.

Бағдарлама шеңберінде жастар жасақтары жауынгерлерінің жалақысы артады. Сондай-ақ, елордалық БЖСМ-де айналысатын балалар санын ұлғайту, бұқаралық спортпен шұғылдану үшін спорт объектілерінің қолжетімділігін арттыру жоспарланып отыр. Алдағы екі жылда қалада аула клубтарының санын тағы 20 нысанға көбейту жоспарда бар. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қаланың барлық ауданында жастарға қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастайды. Әзірге Сарыарқа ауданында, теміржол вокзалының жанында жұмыс істейді.

 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте қару пайдаланып, бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды  

12.03.2024

Жастар үшін кредит беру талабы өзгереді

06.03.2024

Волонтерлікті қолдау – Қазақстанның негізгі бағыты

23.10.2023

Атырау - вахта қала, Шәпкенов - вахтер әкім

02.05.2022

«Цензураға қарсымыз!». Белсенділер митингке шықты

02.04.2022

Сеулде тұратын қазақ: «Атақ-абыройың, мансабың қызықтырмайтын ортаға түстім»

23.03.2022
MalimBlocks
Шымкентте қару пайдаланып, бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды  

Ұсталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін.

Жастар үшін кредит беру талабы өзгереді

Тек ресми түрде тіркелген табысы болса ғана кредит ала алады.

Волонтерлікті қолдау – Қазақстанның негізгі бағыты

Атырау - вахта қала, Шәпкенов - вахтер әкім

Атыраулық жастардың 59%-ы қаладан көшіп кеткісі келеді

«Цензураға қарсымыз!». Белсенділер митингке шықты

Бұл шешімдердің артында цензураны күшейту мен әлеуметтік желіні шектеу тұр.

Сеулде тұратын қазақ: «Атақ-абыройың, мансабың қызықтырмайтын ортаға түстім»

Бұл жақта сырттан келген адамға төмен жалақы, кореялықтарға жоғары жалақы қою деген түсінік жоқ.