Мәсімовті қолдап жүрген кімдер?

Желіде «Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген күдікке ілініп қамауда отырған Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қолдау сайты пайда болды. Онда Мәсімовті Қазақстан модернизациясы архитекторларының бірі деп сипаттап, оның ел үшін істеген еңбегімен қатар не үшін қамалып отырғаны туралы ақпарат жарияланған.

Ақниет Аманжолқызы

  • 13.04.2022

Алдымен сайт туралы: желідегі доменді тексеру жүйесі арқылы сайттың осы жылы 26 қаңтарда құрылып, 28 наурызда жаңарту болғанын білуге болады. Сайт қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде жұмыс істейді. Айта кетейік, қазақ тіліне орыс не ағылшын тілінен тікелей аударылған болуы мүмкін, себебі қате көп.

Сайттың алғашқы бетіне кірсеңіз Мәсімов «туралы» және «іс» туралы ақпаратқа өте аласыз. Мәсімовтің істеген қызметтері туралы ақпараттың астында қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев үшеуі түскен сурет жарияланған.

«Кәрім Мәсімов ондаған жылдар бойы ел тәуелсіздігі мен әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етті. Ол институционалдық реформаның негізгі қозғаушы күші болды және билікті қазіргі Президентке бейбіт жолмен беруде үлкен рөл атқарды», - деп сипатталған саясаткердің рөлі.

Осы тарауда сайт авторы ретінде көрсетілген Назарбаев университетінің қамқоршылар кеңесінің негізін қалаушы Давид А Меркельмен түскен суреті де бар. Оның бұл сайттағы рөліне кейінірек тоқталамыз. Олардың ортасында америкалық мемлекеттік қайраткер Генри Киссенджер отыр.

Мәсімовтің мемлекеттегі рөлі мен жетістіктері туралы жазылған бөлімде оны АҚШ, Еуропа, Қытай және Парсы шығанағы елдерімен сауда қарым-қатынасын орнатуға ат салысқан адам деп сипаттапты. Одан бөлек, Қытаймен бірлескен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының жасалуы, ChevronTexaco компаниясының Қазақстан келуі, «100 нақты қадам» бағдарламасының іске асуы, тіпті ел экономикасының қарқынды өсуі мен Қазақстанның Орталық Азиядағы державаға айналуы Мәсімовтің еңбегі деп баяндапты.

Осы бөлімдегі тағы бір қызық тарау Мәсімовты қолдаушылар тізімі. Алғашқы болып 2008-2011 жылдардағы АҚШтың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугландтың аты жазылыпты. Дәл осы жылдар аралығында Мәсімовтың Қазақстан премьер-министрі болғанын айта кетейік. Хоугланд пен Мәсімовтің қарым-қатынасы туралы ақпарат аз. Алайда 2010 жылы The Guardiаn басылымында АҚШтың Қазақстандағы елшісі Хоугландтың Қашаған мен Қарашығанаққа қатысты Назарбаев шешіміне кімдердің ықпал ете алатыны туралы құпия пікірі делінген «АҚШ елшілігінің жүйесі: Қазақстан – үлкен төрттік» атты мақала жарияланған. Мұнда Назарбаевқа ықпалы бар адамдар қатарында Аслан Мусин, Қанат Саудабаев, Тимур Құлыбаевпен қатар Кәрім Мәсімовтің аты аталған.

Мәсімовті қолдаған екінші адам - француздық қаржыгер Жак Аттали.  Ол Кәрім Мәсімов екінші мәрте премьер-министр болған тұста, яғни 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен. Кездесуге Мәсімов те қатысқан. Ақордадағы ақпаратқа сүйенсек, тараптар жоғары да аталған «100 нақты қадам» бағдарламасын кеңінен талқылаған. Аттали 2020 жылы Назарбаевқа қатысты пікір білдіріп, оны әлемдегі «Дана адамдардың бірі» деп атаған екен.

«Қазақстанның адал әрі білікті стратегі Кәрім Мәсімовті қамауға отырғызуы Вашингтонның Джеймс Бейкерді тұтқындауымен, Ресейдің Евгений Примаковты түрмеде ұстауымен немесе Қытайдың Чоу Энь-лайды еліне қызмет ету шыңында шынжырға байлауымен бірдей. Президент Тоқаев Қазақстанның болашағына қатысты Бейжің мен Мәскеу арасындағы шиеленісті әсірелеп, Путинге тәуелді болу үшін көп векторлы сыртқы саясатты құрбан етті», - пікір иесі ретінде жоғарыда аты аталған Давид А Меркель белгіленіпті.

Меркель бірнеше БАҚ өкілдеріне Қазақстандағы Қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдіріп, Тоқаевтың «ескертусіз атуға» берген бұйрығын сынаған екен. Және Мәсімовтің де қамауға алынуы осы бұйрықпен келіспегенінің салдары деп, Тоқаевты Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов салыстырып, айырмашылық таппапты.

Softbank Group Corp атқарушы вице-президенті Раджив Мисра да Мәсімов туралы жақсы пікір білдіріпті. Оның қамаудағы шенеунікпен байланысы туралы ақпарат аз. Алайда 2019 жылы Қазақстан Ұлттық банкі ол басқаратын SoftBank жобаларының бірінде инвестор болмақ болған. SoftBank парақшасындағы бұл ақпарат сілтеме сақталғанымен ақпараттың өзі жоғалып кеткен.

Мәскеу мемлекеттік университетінің Ақпараттық-зерттеу орталығының бұрынғы директоры Алексей Власов осыған дейін де Мәсімов туралы «жағымды» жаңалықтар жазған екен. Мысалы, 2012 жылы Мәжіліс сайлауынан кейін қайта құрылған Үкімет туралы пікір білдіргенде «Назарбаевтың Мәсімовке сенім білдіруі оның осы кезге дейінгі тамаша қызметінің арқасы» деп жазыпты.

Сайтта Мәсімовтің жағдайын ойлаған Давид А Меркельдің БҰҰ негізсіз қамау туралы жұмыс тобына петиция жолдағаны жазылған. Ақпаратқа сүйенсек, жұмыс тобы петицияны қабылдап, 2022 жылдың 6 маусымына дейін Қазақстан Үкіметі «Мәсімов мырзаға қатысты негізсіз қамауға алу және адам құқықтарының бұзылуы туралы мәлімдемелерге жауап беруі керек».

«Кәрім Мәсімов көптеген созылмалы аурулармен ауырады, оның ішінде 2021 жылдың көктемінде анықталған ауыр созылмалы жүректің ишемиялық ауруы бар. Оның денсаулығына байланысты диагноз гуманитарлық негізде қамаудан дереу босатуды талап етеді», - делінген сайттағы соңғы ақпаратта.

Онда Мәсімовтің дәрігерлері оның денсаулығы туралы толық ақпарат беруге дайын екені жазылған. Алайда бұл ақпарат шыққаннан кейін Қазақстандағы қоғам белсенділері Мәсімовтің осы желеумен шетелге қашып кетуі мүмкін екендігін айтып, дабыл қақты.

Сайтта Қазақстан Қаңтар оқиғасы туралы да ақпарат бар. Онда президент Тоқаевтың жауапкершілігі туралы бірнеше бөлім келтірілген. Оның 20 000 террорист туралы ақпарат беріп, кейін оны өшіріп тастағаны, Сенаттың рұқсатынсыз Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысын ауыстырғаны, ескертусіз оқ атуға бұйрық бергені істе шикіліктің көп екенін көрсететіні айтылған.

Сайт әкімшілерімен байланысу үшін өзің туралы ақпарат пен электронды поштаңды жазу керек. Жеке адамның қауіпсіздігі үшін «жасырын e-mail» қолдануға болады. Қызығы «Мәсімовтің жағдайы туралы білгіңіз келсе немесе Қазақстан Үкіметінің жұмысына көңіліңіз толмаса, хат жазыңыз» депті. Біздің «Кәрім Қажымқанұлының денсаулығы туралы толық ақпарат алуға өтініш» жібердік. Хатқа әлі жауап келген жоқ.

Байланысты жаналықтар

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

20.11.2024

Алаяқ полицейлер ұсталды

18.11.2024

«Қаржаубай өтірік айтты, мылтықты Нұрқанат алып шығып, атты». Шерзат ісіндегі қарсы тарап өз шындығын айтты

16.11.2024

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

16.11.2024

Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады

15.11.2024

Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері ауысты

15.11.2024
MalimBlocks
Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

2022 жылдың қазан айында Тоқаев ТМД қамқорлығымен орыс тілін қолдау және ілгерілету ұйымын құруды ұсынған

Алаяқ полицейлер ұсталды

«Қамқорлығы» үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған

«Қаржаубай өтірік айтты, мылтықты Нұрқанат алып шығып, атты». Шерзат ісіндегі қарсы тарап өз шындығын айтты

Олар Шерзаттың әкесі мен ағасын қаматуды сұрайды

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Оған қатысты тергеу жүріп жатыр

Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады

Тоқаев Қостанай жылқысы жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрғанын айтты

Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері ауысты

Словакия, Мексика, Родос және Мальта елдеріндегі жауапты тұлғалар арасында ауыс-түйіс болды