Билік Жәкішевті босатты

Malim Админ

  • 19.03.2020

Бүгін 11 жыл тар қапаста отырған Мұхтар Жәкішев Семей қаласындағы ОВ-156/144 қатаң режимдегі колониядан бостандыққа шықты. Колония алдыннан Жәкішевті бір топ белсенді «Мұхтар жасасын!» деп айғайлап күтіп алды. Өзін күтіп алған көпшілікке: «Бауырлар, маған қолдау көрсеткендеріңізге рахмет! Сіздің қолдауларыңыз мен үшін, отбасым үшін маңызды болды. Бұл кезең артта қалды деп үміттенемін», – деді Мұхтар Жәкішев.

3 наурыз күні Семей қалалық №2 соты бүгін Мұхтар Жәкішевтің үшінші өтінішін қарап, қанағаттандырған болатын.

Оған дейін «Қазатомпром» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар ЖӘКІШЕВ үшінші рет мерзімінен бұрын басатуды сұрап, өтініш жазғанын хабарлаған едік. Жәкішевтің қорғаушысы Нұрлан Байсекеев фейсбук парақшасында: «2020 жылдың 6 ақпанында Мұхтар Жәкішев үшінші рет мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш жазды. Жәкішев өтінішін Семей қаласының соты қабылдап алды» деген болатын.

Оқи отырыңыз: Жәкішевтің үшінші өтініші

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Informburo ақпараттық  порталына берген сұхбатында «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхат ЖӘКІШЕВТІҢ мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу жөніндегі өтінішін қарайтын сот «әділ шешім шығаратынына сенімді» екенін айтқан еді.

«Әрине, Жәкішев бұған дейін денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу жөнінде өтініштер түсіргенін білемін. Бұл мәселе тікелей соттың құзыретінде. 3 наурыз күні сот өтеді. Сол соттың шешімін күтейік. Сот әділетті шешім шығаратынына сенімдімін», – деген Тоқаев.

Бұған дейін Мұхтар Жәкішевке араша түсіп, Халықаралық ұйымдар да бірнеше рет Қазақстан билігіне сұрау салған. 2015 жылы Жәкішевтің шағымын қараған Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі Комитеті Жәкішевтің құқығы бұзылғанын растап, Қазақстан билігін тұтқынды босатуға шақырған.

Байланысты жаналықтар

Мерзімінен бұрын босап шыққандар

19.06.2020

Мұхтар ЖӘКІШЕВ бостандыққа шығады

03.03.2020

Өтірікті шындық жеңген күн

03.03.2020

Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы

18.03.2021

Өскемендіктер коронатест кезегіне таласып жатыр

02.11.2020

Абай шаңырағының тағылымы

15.10.2020
MalimBlocks
Мерзімінен бұрын босап шыққандар

Мұхтар ЖӘКІШЕВ бостандыққа шығады

Өтірікті шындық жеңген күн

Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы

Өскемендіктер коронатест кезегіне таласып жатыр

Абай шаңырағының тағылымы