Коронавирус: Зейнеткер әкімдер жұмысқа шыға ма?

Олжас Қасым

  • 26.03.2020

Коронавирус кезінде зейнет жасындағы әкімдердің жағдайын кім ойлайды екен?

Дүниежүзіне тарап жатқан коронавирус жасы егде тартқан адамдар үшін аса қауіпті. Біріншіден олардың иммунитеті түсіп кеткен. Екіншіден созылмалы ауруларының көптігінен вирус тез жұғады. Бұл дәрігерлер жасаған қортынды.

Бүгін мәжілісте ондаған депутаттар жұмысқа келген жоқ. Жастары 65-тен асқан мәжілісмендер дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес үйлерінде қалыпты. Олар: Владислав КОСЫРЕВ, Қуаныш СҰЛТАНОВ, Тұрғын СЫЗДЫҚОВ, Владимир БОЖКО, Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА бастаған 22 депутат.

Ата заңымызда жазылғандай мемлекет үшін ең құнды азаматтарының өмірі. Пандемия кезінде зейнектер-депутаттардың үйлерінен шықпай отырғаны ләзім. Көбіне парламент қабырғасында отыратын депутаттар үйде де жұмыс жасауларына болады.

Алайда, неге зейнеткер-әкімдерімізді ойламаймыз деген сұрақ туындайды. Мәселен бір адам болсада коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ үшін қалай уайымдамайсың. Амандық ҒАБАСҰЛЫ биыл қараша айында 68 жасқа толады. Депутаттармен салыстырған облыс басшысының жұмысы ауыр. Әмбе жабық қалаға айналған Алматымен қаншама ауданы іргелес жатыр. Осындай қиын кезде облыстың тізгінін әкімнің бірінші орынбасары 60 жастағы Ләззат МАХАТҰЛЫНА неге бермеске? Сөз жоқ, Баталов нағыз іскер әкім. Бірақ жасы жетпіске таяған шенеунік үйінде телефон арқылы нұсқаулар беріп отырса Тұрлашов мырза сенімін ақтар.

Коронавирус жұқтырған облыстардың қатарында Жамбыл облысы да бар. Оның да әкімі денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына орай үйінде отыру керек. 67 жастағы Бердібек САПАРБАЕВТЫ премьер-министр Асқар МАМИН ойласа дейсің. Онсызда «кризисный менеджер» деп Сапарбаев Ақтөбе облысы әкімі қызметінен ауысқалы бір орында тұрақтайтын емес.

Ауыр індет тараған Қытаймен шекаралас жатқан Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырған адам жоқ. Жергілікті шенділер қазір төтенше режимде жұмыс жасап жатыр. Естеріңізде болса, ақпан айында Зайсан ауданында «коронавирус жұқтырғандар Қытайдан келіпті» деген әңгіме шығып, 66 жастағы Даниал АХМЕТОВ алыстағы ауданға аттанған еді. «Сақтықта қорлық жоқ» деген сөз бар. Сондықтан да Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫ үшін де алаңдағанымыз жөн.

Бұларға қоса Мемлекеттік хатшы Қырымбек КӨШЕРБАЕВ 1955 жылы туған. Жасы – 65-те.

Ал «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан ЕСІМОВ 1950 жылы туған. Биыл жетпіс жаста.

Коллаж: malim.kz

Байланысты жаналықтар

Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

04.07.2023

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

16.06.2023

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

28.12.2022

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

14.12.2022

Шұңқырдағы жазу: Ең жақсы өзгеріс – Омардың отставкасы

26.05.2022
MalimBlocks
Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

Даниал Ахметовтың қызы Әделия Ахметова Павлодар облысында өзінің ауыл шаруашылығын дамыту үшін 51,1 миллион субсидия алған,- деп хабарлайды Курсив.

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жылға жуық Шығыс Қазақстан облысын басқарған Даниал Ахметовті қызметінен босатты. Елдің шығысындағы өңірдің жаңа әкімі болып Ресейде үш жыл елші қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды. 

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

Өндірісті шaһaр Өскеменде көптен бері жел еспей, қaлa көк түтінге оранып тұр.  Соның салдарынан өскемендіктердің бaсы aуырып, тaмaғы қышып, бойлaрын әсіздік билей бастаған.

Шұңқырдағы жазу: Ең жақсы өзгеріс – Омардың отставкасы

Өскемен қаласының автожолдарындағы шұңқырларда «Ең жақсы өзгеріс - Омардың отставкасы» деп жазылған тақтайшалар пайда бола бастады.