Карантин режимін бұзғандарды "Сергек" арқылы ұстамақ

  • 30.03.2020
  • Malim Админ

Бүгін брифинг өткізген Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов карантин режимін бұзған автокөліктерді "Сергек" камералары арқылы ұстайтынын мәлімдеді.

"Қаланың сыртындағы 27 блок бекетте "Сергек" камералары қойылған. Қаланың ішіне кім кіріп жатыр, кім шығып жатыр, көріп отырмыз. Қаланың ішінде де "Сергек" камереларын қолданатын боламыз. Сотта сол адам карантин режимін бұзғанын"Сергек" жазбалары арқылы дәлелдейміз", - деді Қанат Таймерденов.

Қ.Таймерденовтың айтуынша, қалада бей-берекет жүрген автокөліктер көп. Сол себепті қаланың ішіне қаланың ішіне 26 блок пост қойылыпты. Енді полицейлер бұл көлік иелерінің карантин режимінде жұмыс істеуіне рұқсаты бар-жоғын тексермек. "Тек қана қалаға тиесілі, жұмыс істеуге рұқсат берілген азаматтардың көліктері ғана жүруі тиіс. Бірінші күні ескерту жасаймыз. Екінші күннен бастап оларды әкімшілік жауапқа тартамыз, әкімшілік кодекстің 785-бабына сәйкес, мұндай автокөліктер айыппұл тұрағына жөнелтіледі", - дейді қалалық полиция департаментінің басшысы.

Сонымен қатар полицейлер көшедегі адамдарды да тексермек. Көшеге таяқ тастап жердегі азық-түлік дүкені, дәріханаға немесе ауруханаға бару үшін шығуға ғана рұқсат етілген. Карантин режимінде жұмыс істеуге рұқсат етілген мекеме жұмысшыларының арнайы анықтамасы болуы тиіс. Жұмыстан берілген анықтама болмаған жағдайда  ол адам полиция учаскесіне жеткізіледі, әкімшілік жауапқа тартылады.

Қ.Таймерденов кәмелет жасына толмағандар көшеде ата-анасының қарауынсыз жүрсе, ата-анасына айыппұл салынатынын ескертті.

Сондай-ақ карантин режимінде үй жануарларымен үйден 500 метр радиуста ғана серуендеуге рұқсат етілген. Полицейлер ит-мысықтарын қыдыртып жүрген азаматтардан мекенжайларын сұрауы мүмкін.

 

Байланысты жаналықтар

"Денсаулық сақтау жүйесінің шамасы жоқ"

27.06.2020

Құрбан айттың бірінші күні 18 мыңдай отбасыға ет таратылған

31.07.2020

Сәресінің жеті берекесі. Неге сәресіні қалдырмаған дұрыс?

12.04.2021

Ит ату - шенеунікке тиімді

25.02.2021

Атыраудың дәрілері Ақтөбенің қоймасында не істеп жүр?

23.10.2020

Операторлар біріксе тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

19.02.2020