Мәжіліс "Бейбіт жиын өткізу туралы" заң жобасын қабылдады

Malim Админ

  • 08.04.2020

Мәжіліс депутаттары бүгін  "Бейбіт жиын өткізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жіберді. Құқық қорғаушылар бұл заң жобасы бейбіт жиын өткізу құқығын онан бетер шектейді дейді.

Құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам өкілдері қоғамда дау тудырған заң жобасы төтенше жағдай кезінде парламентте қаралмасын деген талап қойып, мәлімдеме жасаса да, мәжіліс депутаттары заң жобасын екі оқылымда апыл-ғұпыл мақұлдап жіберді.

Бүгін мәжілісте баяндама жасаған депутат Қанат Мусин заң жобасын әзірлеу кезінде жергілікті уәждері мен халықаралық тәжірибе ескерілгенін мәлімдеді. Алайда заң жобасын әу бастан сынаған құқық қорғаушылардың бірі, "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық ұйымының төрағасы Бақытжан Төреғожина азаматтық қоғам уәждері ескерілмегенін айтады.

"Парламент төтенше жағдайға қарамастан, президенттің тапсырмасын орындап, заңды тезірек қабылдап жібергісі келді. Бұл заң жобасында ақылға қонбайтын дүниелер бар. Мысалы, бейбіт жиын өткізуге рұқсат сұрау керек емес делінгенімен, бәрібір жергілікті билікке жиын өтетінін хабарлау керек. Ал бұл бәрібір рұқсат сұраумен бірдей. Өйткені жергілікті билікке митинг өтетінін алдын ала хабарлау керек, олардан жауап күту керек. Яғни әкімдіктен жауап келмейінше, митингіге дайындала алмайсың. Әкімшілік белгілі бір мерзім ішінде жауап бересе, онда митинг өткізе беруге болады делінген. Алайда айналып келгенде, белсенділер бейбіт жиынды билік рұқсат еткен жерде ғана өткізуге құқылы. Олай болса әкімдік рұқсат еткен жерде митинг өткізу үшін оны әкімдікке хабарлаудың не қажеті бар?" - дейді Бақытжан Төреғожина.

Алматыда әкімдік бейбіт шеру мен жиындарды екі жерде өткізуге рұқсат еткен. Оның бірі – Сарыарқа кинотеатрының артындағы алаңқай болса, екіншісі – Махатма Ганди саябағы.

Мәжілісте сөйлеген жұмыс тобының мүшесі, депутат Қанат Мусин парламент пен үкімет алдында жалғыз адамдық пикет өткізуге болатынын айтып, мұны заң жобасына енгізілген елеулі жетістік ретінде көрсетті. "Заң жобасына пикет бейбіт жиындар рұқсат етілген жерлерде ғана емес, наразылық қандай мемлекеттік органға бағытталса, сол органның алдында өткізуге рұқсат ететін елеулі түзету енгізілді. Бірақ пикет өткізуге тыйым салынған жерлердің тізімі бар. Дей тұрғанмен бірде-бір мемлекеттік орган, оның ішіне парламент пен үкімет бұл тізімде жоқ", - деді Қ.Мусин.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина жалғыз адамдық пикет "Бейбіт жиын өткізу туралы" заңмен мүлде реттелмеуі керек дейді. "Әлемдегі бірде-бір ел жалғыз адамдық пикет өтізуді заңмен реттемейді. Өйткені ол екі не одан көп адам қатысатын жиын емес. Ол – бір адамның пікір білдіру еркіндігі".

Мәжіліс қабылдаған заң жобасында бейбіт шеру ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзғаны үшін жаза күшейтілген. Қазіргі қолданыстағы заң жобасы бойынша, митинг ұйымдастыру тәртібін бұзған азаматтар 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы немесе 20 айлық есептік көрсеткіш (53 020 теңге)  көлемінде айыппұл төеу жазасына тартылуы мүмкін. Бұған дейін ашық үкімет порталында талқыға шығарылған жаңа заң жобасы бойынша, енді митинг өткізу тәртібін бұзғандар 20 тәулікке қамалуы мүмкін.  Ал әкімшілік айыппұл көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке (265 100 теңге) жеткен.

"Бұл заң жобасы бейбіт жины өткізу құқығын бұрынғыдан бетер шектейді. Бұл нені көсетеді? Бұл елде алдыңғы орынға адам құқығы емес, билік мүддесі қойылған. Биліктегілер адам құқықтары өздеріне елді билеп төстеуге кедергі келтірмесе дейді. Өйткені жұрт бейбіт жиынға шықса, оларды сынайды. Митинг – биліктің бетпердесін сыпыратын дүние. Сондықтан осы мәселелерді ешкім көтермесе дегенді көздейді", – дейді Б.Төреғожина.

Фото: picture-alliance/dpa/AP/A

Байланысты жаналықтар

Бокстан 7 жыл бұрынғы жетістікті қайталадық

24.04.2021

Қымбат Досжанның хабары жұртты шошытты

03.11.2020

Дубайдағы бокс: Алғашқы күнні нәтижесі қандай?

26.05.2021

Құрылысшы әкім Баталовтың мектептері қирағалы тұр

19.07.2021

Бес мың долларлық сағаты бар Қарағанды әкімі өтірік айтты ма?

08.08.2020

Батпақтағы халқын -бақытқа жеткізген басшы!

12.02.2021
MalimBlocks
Бокстан 7 жыл бұрынғы жетістікті қайталадық

Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл сында еліміздің былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алып, командалық есепте екінші орынға көтерілді.

Қымбат Досжанның хабары жұртты шошытты

Дубайдағы бокс: Алғашқы күнні нәтижесі қандай?

Құрылысшы әкім Баталовтың мектептері қирағалы тұр

Бес мың долларлық сағаты бар Қарағанды әкімі өтірік айтты ма?

Батпақтағы халқын -бақытқа жеткізген басшы!