Егін егу карантинге қарамайды

Malim Админ

  • 15.04.2020

Көктемгі егін егу қажеттігіне байланысты фермерлерге блокпостардан еш кедергісіз өту мүмкіндігі беріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше,  мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, ауыл шаруашылығы техникасы мен тауарлық-материалдық заттарды жеткізушілердің еш қиындықсыз қозғалысын қамтамасыз етуде  тиісті алгоритмді дайындаған. –Облыс әкімдіктері өңір аумағындағы қозғалысқа рұқсатнаманы алудың электрондық порталдарын әзірлеп, іске қосты,– дейді тиісті министрлік.

Аталған өтінімге электрондық форматта кәсіпорын басшысы қол қояды екен. Бұл құжат электрондық базаға енгізіліп, автоматты түрде барлық блокпостарға жеткізілмек. Сондай-ақ блокпостардан өтуге рұқсат етілмек.

Қазақстанның жер ауқымына байланысты көктемгі егіс әр аймақта әрқилы жүреді. Мәселен, оңтүстік өңірлер алғашқы өнімдерін жинауды бастаса, теріскейде жер жырту енді ғана басталады. Коронавирус Қазақстанды 1 мамырға дейін карантинде ұстап тұр.

 

фото https://pixabay.com/ сайтынан алынды

Байланысты жаналықтар

Ректор да билік пен жүйеге ашына бастапты

12.07.2020

Бекшин карантинді күшейтті

15.06.2020

Үш аурухана салуға қанша миллиард кетеді?

10.04.2020

Цойдың цифры шатастырады

03.08.2020

Қазақстанда коронавируспен екінші мәрте ауырған адам тіркелді

04.11.2020

Темекі коронавирустан қорғай ма, асқындыра ма?

12.05.2020
MalimBlocks
Ректор да билік пен жүйеге ашына бастапты

Бекшин карантинді күшейтті

Үш аурухана салуға қанша миллиард кетеді?

Цойдың цифры шатастырады

Қазақстанда коронавируспен екінші мәрте ауырған адам тіркелді

Темекі коронавирустан қорғай ма, асқындыра ма?