Шенеунік 8 айда 80 миллион жымқырған

Malim Админ

  • 17.04.2020

Ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары екі айға қамауға алынды.  Прокурорлар 41 жастағы Жангелді ӘУБӘКІРОВТІ қала бюджетінің  сексен миллион теңгесін қалтасына басқан деп айыптап отыр. Судьяның сакциясына сәйкес күдікті тергеу аяқталғанша екі айға абақтыға қамалды.

Ақтөбе қаласы әкімінің экс-орынбасарына тағылған айып ауыр. Шенеунік тұрғын үй, комуналдық шауаршылық бөлімінің басшысымен бірге жаңажылдық безендіруге бөлінген қазынаның сексен миллион теңгесін шаруаға емес қалтасына басқан. Бір қызығы жергілікті билік бюджеттен осыншама ақша бөлгенімен,  қалаға шырша орнатып, әсемдеуді кәсіпкерлердің мойнына жүктепті. Алайда  басы пәлеге қалған шенеунік өзіне тағылған айыптарды мойындамай отыр.

Жангелді Әубәкіров Ақтөбеге дейін Ақтау қаласы  әкімінің орынбасары қызметінде  болған. Ал  Ақтөбедегі жаңа қызметке тоғыз ай бұрын ғана тағайындалған еді.  Ол қаланың құрылысынан бастап, комуналдық шаруашылығына жауап берді. Ең қызығы Жангелді Әубәкіров әкім орынбасары қызметінен бір апта бұрын, яғни карантин кезінде өз еркімен арыз жазып кеткен.

Фото: rikatv.kz

Жанар ҚОЖАНОВА

Байланысты жаналықтар

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

12.01.2021

Әкім Шахаровтың шаруасын жастар істеп жүр

05.11.2020

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

14.01.2021

Балуан әкім жылу қашан береді?

16.10.2020

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

29.01.2021

Әкім салмаған көпірді халық өзі салып алды

05.11.2020
MalimBlocks
Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

Әкім Шахаровтың шаруасын жастар істеп жүр

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

Балуан әкім жылу қашан береді?

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

Әкім салмаған көпірді халық өзі салып алды