Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты

Жанар Қожанова

  • 03.12.2020

«Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытының» үш жүзге жуық жұмысшысы наразылыққа шықты. Таң атпай жұмыстарын тоқтатқан олар зауыттың Маңғыстау облысына көшірілуіне түбегейлі қарсы. Өйткені кәсіпорын Жаңаөзенге кетер болса қазір жұмыс жасап жүрген  250 адам жұмыссыз, далада қалады дейді олар. Зауыт басшылығы  болса  8 миллиард теңгеге тендер ұйымдастырған Маңғыстаудағы  ең ірі «Өзенмұнайгаз» компаниясы талапты орындауға мәжбүрлеп отыр дейді.

«Бізді қазір таратып жіберсе күніміз не болмақ? Мәселен, маған зейнетке шығуға екі жыл қалды. Бір жыл, жарты жыл қалғандар бар. Қайда барамыз біз? Бізді кім жұмысқа алады? Соны  түсінбеймін. Жоғарыдағылар не ойлайды? Менімше бұл таза бизнес. Басқа түк жоқ», - дейді жұмысшы Серік ТАСИМОВ.

Зауыттың Маңғыстау облысына көшірілетінін естіген жұмысшылар  мұнай өндіруге қажетті сорғылау жабдықтарын шығаратын еліміздегі жалғыз кәсіпорынның Ақтөбеден Жаңаөзенге көшуіне қаншалықтың маңызы бар екенін түсінбейміз дейді. Енді екі жүзден аса адам жаңа жылда жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдап отыр.

«Кеше ғана естідік, осы зауытты жауып, Жаңаөзен қаласына көшіретіні туралы. Сол үшін бүгін барлық жұмысшылар жұмысты тоқтаттық. 250 адам жұмыс жасап жатыр осында. Оның бәрі қалай армандарынан қол үзеді. Менде бар кредит халықта бар. Менде бар ипотека халықта бар. Бізге көмек керек. Үлкен шенді ағаларымыз аралассын осыған. Қиыншылығымызды  шешіп берсін», - дейді зауыттың жұмысшысы Қайдар МҰСТАФИН.

Зауыт басшыларының айтуынша, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» «Өзенмұнайгаз» компаниясы ойнатқан тендерді ұтып алған. Ақтөбеліктер мұнай бұрғылауға арналған жабдықтар шығарып беруі тиіс. Тендердегі талаптың бірі зауыт Маңғыстауға көшу керек. Жергілікті әкімдіктегілер  «Өзенмұнайгаз» компаниясынан бастап «Самұрық Қазына» АҚ-на дейін шығып, мұнай жабдықтары зауытының Ақтөбеден Жанаөзенге көшіру экономикалық жағынан тиімсіз екенін дәлелдеп жатырмыз дейді.

«Экономикалық талдау бойынша бұл зауытты көшіру тиімсіз. Неге десеңіз бүгінде шығарылатын тауар тек қана бір ғана аудан, қалаға тапсыратын тауар емес. Бұл жалпы мемлекетіміздің мұнай шығаратын барлық өңірлеріне, аудандарға жіберетін тауар. Осы мәсілені біз әріптестермен талдадық. Экономикалық тұрғыдан жеткіздік. Жалпы Самұрық -Қазына толығымен бізбен келісіп жатыр», - деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ.  

Жылына жеті миллиард теңгеге жуық тапсырыс орындайтын зауыттың  Ақтөбеден көшу көшпеу мәселесі  қазір Нұр-Сұлтанда талқыланып жатыр екен. Әкімдіктелігер  мәселе бүгін шешілу керек деп отыр.

Фотоны автор ұсынды.

Байланысты жаналықтар

Мексикада судьялар президент саясатына қарсы шықты

20.08.2024

«Westoil Software» мәлімдемесі: Заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырамыз

05.03.2024

Қысым көрсетіп, алдап ереуілге шақырған

24.02.2024

«West Oil Software» жұмысшыларының ереуілі заңсыз деп танылды

11.01.2024

Жетібайдағы ереуіл. Ахуал қайда апарып соғады?

20.12.2023

Мирзеевке арналған Конституция...  Францияда күнде ереуіл    

02.05.2023
MalimBlocks
Мексикада судьялар президент саясатына қарсы шықты

Шерушілер Мехико сот ғимараты алдына жиналып, кіреберістерді шынжырлап тастады

«Westoil Software» мәлімдемесі: Заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырамыз

Қысым көрсетіп, алдап ереуілге шақырған

Заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, өздерінің еңбек міндеттеріне кірісті

«West Oil Software» жұмысшыларының ереуілі заңсыз деп танылды

Жетібайдағы ереуіл. Ахуал қайда апарып соғады?

Әлі күнге дейін компания басшылығы мен жұмысшылар ымыраға келмеген

Мирзеевке арналған Конституция...  Францияда күнде ереуіл    

Ол Ислам Кәрімов секілді 26 жыл Президент болғалы тұр