Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

Жанар Қожанова

  • 14.01.2021

Ақтөбе облысында алтын мен мыс өндіретін ауылдың 100 аса баласы екі жылдан бері мектепте емес, айналдырған төрт бөлмелі үйде білім алып жүр.  Өйткені алтынды ауылдағы мектеп апатты жағдайда тұр.Сондықтан жергілікті шенеуніктер ауыл оқушыларын бұрын кеншілер тұрған шағын үйге орналастырыпты. Тұрғындар бір емес екі бірдей кен орны бар ауылдағы  балалардың  жағдайын президент естіп, Білім министрі көрсе екен дейді.

Санитарлық мамандар Алтынды ауылда тұратын балаларға сабаққа баруға рұқсат бергенімен, 127 оқушының бәрі әлі мектепке келе алмай жүр. Өйткені ауылдағы білім ошағаны барлық бала сыймайды. Айналдырған төрт бөлмелі үйде қазір тек бастауыш сыныптың  27 оқушысы  ғана сабақ оқиды екен. Қалған жүз бала ауылда интернет ұстамаса да оқуларын қашықтан жалғастыруға мәжбүр. Ауыл тұрғындары ең байлықтың үстінде отырса да балаларына жөнді мектеп салып бере алмаған жергілікті билікке өкпелі.

«Мектеп болып тұрған ғимарат менің үйімнен де кішкентай. Бұл адамды мазақ қылу ғой. Осы жерде екі компания бар. Екеуі де үлкен. Біреуі мыс компаниясы «Қазақ мыс», біреуі "ALTYN EX". Олар да иә жолды, иә мектепті салмады. Ауылда еш жағдай жоқ. Балалар онлайн оқиды дейді. Интернет қондырғандарына бір жыл болды, ол да әлі дұрыс істемейді», - дейді Алтынды ауылының тұрғыны Марат ҚОРАЗБЕКОВ.

Осыдан екі жыл бұрып ауылдағы жалғыз мектепті  апатты деп танылып, жабылып қалған. Қазіргі балалар сабақ оқып жүрген төрт бөлмелі үйдің бір бөлмесі  директорға, екіншісін мұғалімдерге, ал қалған екі бөлме оқушыларға бөлініпті. Балаларға қуықтай төрт бөлмелі үйде толық білім бере алмай отырғандарын  мұғалімдер де мойындайды. Бірақ қолымыздан  келер басқа амал жоқ дейді.

«Әрине қиын. Барлық ұстаздарға да қиын. Оқушыларға толық білім беру, толық тәрбие беруге мүмкіндік жоқ болып тұр», -дейді  Мұғалжар ауданы Алтынды орта мектебінің директоры Әсет ЕСЕНБЕКОВ.

500ден аса тұрғыны бар Алтынды ауылдың жағдайын аудандағы шенділер жақсы біледі екен. Олар мектеп мәселесі бұйырса биыл шешіледі деп уәде етіп отыр. Сөздерінше алпыс орындық мектептке жобалау сметалық құжаттарын да дайындап құойыпты.

«Қазіргі күні бізде осы мектеп құрылысына байланысты жобалау сметалық құжатымыз дайын. Облыстық экономика басқармасына құжаттарды беріп қойдық. Республикадан, облыстан  қолдау тауып жатса, мектептің құрылысын биыл бастап кетеміз», –деді Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғалым ҚОБЛАНДИН.

Осылайша шенеуніктер қаржыландыру биыл бекітіледі деп үміттеніп отыр екен. Ал балалары  зәулім мектепте емес, төрт бөлмелі үйде білім алып жатқан Алтынды ауылында екі бірдей кен орыны тоқтаусыз алтын мен мысты өндіріп жатыр.

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

29.01.2021

Мұнайшылар аштық жариялады

26.01.2021

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты

13.01.2021

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

12.01.2021

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты

03.12.2020

Әкім Шахаровтың шаруасын жастар істеп жүр

05.11.2020
MalimBlocks
«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

Мұнайшылар аштық жариялады

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты

Әкім Шахаровтың шаруасын жастар істеп жүр