ЮНИСЕФ: Қазақстанда бойжеткендердің тең жартысы зорлық көріп отыр

  • 23.04.2020
  • Malim Админ

COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық әсері бүкіл әлем бойынша миллиондаған балаларға қиынға соғуы мүмкін. Бұл туралы  ЮНИСЕФ сайтында жазылды.

190-ға жуық елдегі мектептердің жабылуы 1,5 миллиард оқушыға теріс әсерін тигізген. Әлемдегі балалардың 60 пайызы толық немесе ішінара оқшаулау енгізілген елдерде тұрады екен. Соның ішінде Қазақстанда 4,5 миллионнан аса бала қашықтан білім алса, 300 000 баланың электрондық білім алу үшін техникалық құралдары жоқ. Шамамен 3000 кішігірім ауылдық көп салалы мектеп топтық білім беруді қамтамасыз етіп отыр.  Үкімет оқушыларға теледидар сабақтары кезінде ым тілімен түсіндіру жұмыстарына да күш салып жатқанмен, мүгедек және ерекше оқытуға мұқтаж балалар толық қатыса алмай жатыр.

ЮНИСЕФ деректері бойынша, балалардың көпшілігі білім алу мен қарым-қатынас жасау кезінде технологияларды пайдаланатындықтан, интернетті теріс әрі асыра пайдалану қауіпі артып келе жатыр. Қазақстанда 50 пайыз бойжеткендер отбасыда тәрбиенің зорлық әдістеріне ұшырайды, оның ішінде  21 пайызы дене жарақатын алып, 45 пайызы психологиялық агрессия мен зорлық-зомбылыққа тап болады екен (ақпарат көзі). Оқшаулау уақытында тұрмыстық зорлықтың деңгейі одан да жоғарылауы әбден мүмкін. Көптеген балалардың қауіпсіздігі мен аман-саулығына қауіп төнеді.

«COVID-19 нәтижесінде және оның экономикалық салдарынан балалар арасында кедейлік артады. Әлеуметтік қорғаныс шараларын күшейту аса маңызды және біз пандемиядан зардап шеккен кедей отбасыларға ақшалай көмектесіп жатқан Қазақстан Үкіметін толықтай қолдаймыз», - деді Артур ван Дизен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі.

Фото: izdeu.info

Байланысты жаналықтар

Шымкенттегі №12 спорт мектебі тағы 200 спортшы қабылдайды

17.03.2021

Ахметовтың екі қызметкері парамен ұсталды

06.02.2020

Ауылдағы науқастарды мал дәрігерлері қарайды

21.07.2020

Ильиннің рекорды бұзылды

29.11.2020

Токио олимпиадасы кейінге шегерілмек

23.03.2020

Коронавирус: Қолыңды жумасаң, бәрі бекер

04.03.2020