Қазалы Венецияға айналып барады

  • 29.04.2020
  • Malim Админ

Көлге айналған көшелер. Қызылорда облысында бүгіннен бастап карантин тәртібі жеңілдетілсе де, аймаққа қарасты  Қазалы ауданының тұрғындары үшін үйлерінен шығу әлі де мұңға айналып отыр. Өйткені небәрі екі күн жауған жаңбырдан жиналған су аудандағы бірнеше көшені басып қалған. Жауын суы тіпті баспаналардың табалдырығына дейін жетіпті.

Толассыз жауыннан Қазалы ауданының орталығындағы 15 көше үлкен көлшікке айналған. Екі күн жауған жаңбырдың салдарынан тұрғындар далаға шығудан қалыпты. Ал әкімдік өкілі бұл аудан орталығындағы көшелерде су ағып кететін арықтардың болмағандығынан деп отыр. Бірақ бүгінде жеке кәсіпкерлердің көмегімен жиналған суды тартып жатырмыз дейді.  Ақ жағалылар үнемі ақ жауыннан кейін пайда болатын бұл мәселенің  шешімі қомақты қаражатқа келіп тірелетінін айтады. Ал қаражаттың қашан шешілетіні белгісіз.

 «Бірінші проект жасаймыз. Сосын оны бюджетке ұсынамыз. Ол қашан қаржыландырылады сосын ғана бастаймыз. Оған дейін де қарап қалмаймыз. Трактормен болса да арықтарды қазып қоямын», - дейді Әйтеке би кенті әкімі міндетін атқарушы  Қайрақбай ОРЫНБАСАРОВ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Фотоларды автор ұсынды.

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Байланысты жаналықтар

Тілшілер Шымкенттен таңғалып қайтты

16.04.2021

Нұрымбетов Көлгіновтен асып түсейін деп тұр

13.05.2020

"Ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз"

15.12.2020

"Махаббат үйі" тұрғындары: адамдар бізден неге қорқады?

12.04.2021

Нұр-Сұлтан жабық қалаға айнала ма?

17.03.2020

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

26.03.2020