Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңбырдан кейін Астанада бірқатар көшені су басты (ВИДЕО)

Қоғам
Жаңбырдан кейін Астанада бірқатар көшені су басты (ВИДЕО)

Астанада жауыннан кейін көшелерді су басып, көлік қозғалысы қиындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әсіресе Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы маңындағы көрініс әлеуметтік желілерде көп тараған. Онда жиналған су көліктің бүйірінен келеді. Қабанбай батыр көшесі жағынан жол жабылып, коммуналдық қызмет өкілдері суды тартып жатыр.

Сондай-ақ, Керей, Жәнібек хандар көшесінде де аздап су жиналған.

Бас қалада күн райы ертең де нашар болайын деп тұр. 112 қызметінен келген хабарлама бойынша, 26 мамыр күні елордада нөсер жауынмен бірге жел де ұйытқып соғады деген болжам бар.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу