Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мекке мен Мәдинада нөсер жауыннан көшелерді су басты

Әлем
Мекке мен Мәдинада нөсер жауыннан көшелерді су басты

Дүйсенбі күні Меккеге және Мединеге жақын аймақтарда, әсіресе Джидда қаласында және басқа да провинция аудандарында нөсер жаңбыр жауды. Saudi Gazette жазуынша, көптеген жол мен алаң жаңбыр суымен толып, Мекке, Джидда және Медиана қалаларындағы тасымал қозғалысы қиындаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жауын қаншалықты қиындық әкелгенін әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан көруге болады.

Сауд Арабиясы Қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрлігінің есебіне сәйкес, Патшалықтың кейбір басқа аймақтарында да орташа және нөсер жауын түскен.

Мәдинаның Бадр ауданындағы әл-Шафия аймағында ең көп жауын-шашын тіркелген — 49,2 мм, екіншісі – Жидда қаласындағы әл-Басатин ауданында да көп жауын-шашын жауған — 38 мм.

Министрліктің қоршаған орта агенттігі ең көп жауын Мәдинаның аймақтарында жауғанын хабарлады.

Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу