Қордайда ақсақалға қол көтерген әкелі-балалы Юнхуларға үкім шықты

Malim Админ

  • 30.04.2020

Қордай оқиғасы кезінде, нақтырақ, сол оқиғаның тұтануына әкеліп соққан жағдай – зейнеткерге қол көтерген әкелі-балалы Юнхуларға сот үкімі шықты.

Сортөбе ауылының тұрғыны Марат Юнхуға қасақана адам денсаулығына зиян келтіру бойынша айып тағылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Юнху Марат Эрманэұлын ҚР ҚК 293 бап 3 бөлім 1 және 2 пункті (бұзақылық), 107 бап 2 бөлім 5 пунктіне (денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру) сәйкес қылмыстық құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылсын. Осы баптарға сәйкес екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазасы қылмыстық-атқару жүйесі орташа қауіпсіз мекемелерінде өтелсін», - делінген Жамбыл облысын Қордай аудандық сотының үкімінде.

Сондай-ақ, жаза мерзімін өтеу 2020 жылдың 6 ақпанынан бастап есептеледі және үкім күшіне енгенше күзет астында болады.

Осы іс бойынша екінші қылмыскер деп танылған Эрсмане Юнхуға (Марат Юнхудың әкесі) 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.  Оған қылмыстық кодекстің 293 бабы 2 бөлімі 1,2 пункттері бойынша айып тағылған.

Еске сала кету керек, биылғы жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысындағы Масанчи ауылында төбелес болып, мұның арты ұлтаралық сипаттағы жанжалға ұласқан. Ресми мәлімет бойынша қақтығыстан 11 адам қаза болып, 185 адам жараланды (ішінде полиция қызметкерлері де бар). 39 тұрғын үй және 47 автокөлік өртенді.

Байланысты жаналықтар

ДДҰ: Карантиндік шектеулерді алуға әлі ерте

21.05.2020

Covid-19 анықталғандардың саны 271-ге жетті

29.03.2020

Мектеп бітіру кешіне түлектердің ата-аналары да бармайды

12.05.2020

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

09.02.2020

Әліпбидің әлегі

24.03.2020

Автопарк: Полиция жұмыс істетпейді

12.02.2020
MalimBlocks
ДДҰ: Карантиндік шектеулерді алуға әлі ерте

Covid-19 анықталғандардың саны 271-ге жетті

Мектеп бітіру кешіне түлектердің ата-аналары да бармайды

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Әліпбидің әлегі

Автопарк: Полиция жұмыс істетпейді