Тоғжанов: Соңғы қоңырау маусым айында өтеді

Malim Админ

  • 11.05.2020

Коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты соңғы қоңырау мерекесі маусым айында өтеді. Бұл туралы премьер министрдің бірінші орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ айтты деп хабарлайды Malim.kz сайты.

«Аттестат тапсыру мен соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері, ашық аспан астында, шектеулі адамдармен, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі», - деді Тоғжанов онлайн брифингте.

Ол сондай-ақ ҰБТ-ның өткізілу тәртібі туралы да айтты. Оның айтуынша, бұған дейін айтылып келгендей, ҰБТ онлайн түрде өтпейді.

«ҰБТ-ны штатты режимде 20 маусымнан бастап санитарлық тнормаларды сақтай отырып, 168 пунтте өткізу жоспарланып отыр», - деді ол.

Ол сондай-ақ онлайн оқыту, қашықтан білім беру коронавирустан кейін де жалғасатынын айтты. «Коронавирус кемшілігімізді көрсетіп берді» деген бірінші вице-премьер цифрландыру дәуірінде оқытудың бұл түрін дамытпаса болмайды дейді.

Айта кету керек, Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқытуды онлайн түрде жүргізуге Қазақстандағы интернеттің мүмкіндігі жетпейтінін айтып, мұғалімдерден басқа, өзіндік тәсілдермен оқыта беруін сұраған.

Байланысты жаналықтар

ДДСҰ коронавирустың енді қаншаға созылатынын айтты

23.04.2020

Сотқа сенбейтін Сейсембайды әлеуметтік желі қорғай ма?

21.04.2020

Бұл дүрбелеңнен шығуға 10 миллиард доллар кетеді...

23.03.2020

Кішкентай Вьетнам нән Қазақстаннан қалай озды?

22.07.2020

Пандемия: Рианна мен Мақпал тең бе?

24.05.2020

Алматы әсерлері

03.04.2020
MalimBlocks
ДДСҰ коронавирустың енді қаншаға созылатынын айтты

Сотқа сенбейтін Сейсембайды әлеуметтік желі қорғай ма?

Бұл дүрбелеңнен шығуға 10 миллиард доллар кетеді...

Кішкентай Вьетнам нән Қазақстаннан қалай озды?

Пандемия: Рианна мен Мақпал тең бе?

Алматы әсерлері