Әкімдік қызметкерін «қатын» деген тұрғын жазаланды

Malim Админ

  • 16.05.2020

Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Ортақшыл ауылы әкімдігінің алдында карантин тәртібін бұзып, жайма базар жасағандарды бейнежазбаға түсірген тұрғын Гүлзинат САҒЫНДЫҚОВАНЫҢ басы дауға қалды. Тұрғынның карантин кезіндегі заңбұзушылықты телефонына түсіргеніне әкімдік қызметкері қарсы болып, ақыры екеуінің арасында жанжал туындаған. Іс насырға шауып, әкімдік қызметкері тұрғын менің ар-намысыма тиетін сөздер айтты деп сотқа арыз берген. Бірақ бір  қызығы, жәбірлендім деген азаматша да, куәгерлер де сотта тұрғынның не деп балағат сөз айтқанын естеріне түсіре алмады.

[caption id="attachment_3692" align="alignleft" width="300"] Әкімдік қызметкері Перизат Мусалимова[/caption]

«Мен мемлекеттік қызметкермін ғой. Менің ар-намысыма тиетін неше түрлі сөздер айтты. Менің нақты қазір есімде жоқ. Бірақ "қатын" деген сөздер бар», - дейді Ортақшыл ауылы әкімдігінің маманы Перизат МУСАЛИМОВА.

Алайда сотта куәгер болған адам да жанжал кезінде не айтылғанын есіне түсіре алмады.

«Ол жерде біраз сөз айтылды енді. Бірақ менің есімде қалған жоқ. Осы ауылдың қатыны ма деген сөздер айтылды», - деді куәгер.

Сотта жәбірленуші болған әкімдік қызметкеріне тұрғынның «қатын» деген сөзі қатты тисе керек. Судья жәбірленушінің сөзіне нанып, әкімшілік кодекстің 434-бабына сәйкес  9 мың теңге айыппұл салды.

[caption id="attachment_3693" align="alignleft" width="300"] Судья Марат Күздеубаев[/caption]

«Сізді кінәлі деп тауып тұр. Себебі 30 сәуір күні сізден жәбірленушіге қатысты ар-намысына тиетін балағат сөздер айтылған. Және қоғамдық орында сыйламаушылық әрекеттер жүргізген», - дейді Шиелі аудандық сотының судьясы  Марат КҮЗДЕУБАЕВ.

Ал бұл шешімге келіспеген тұрғын апелляциялық сотқа шағымданбақшы.

«Бұлар өздері карантин тәртібін бұзып тұрса да, маған жала жауып отыр. Мен рамазан айында жаман сөз айтпаймын. Егер балағат сөз айтты десе, фактілерін көрсетсін. Қазір өтірік куәгерлікке 5-6 адамды ертіп әкеліп отыр», - деді тұрғын Гүлзинат  САҒЫНДЫҚОВА.

Фотолар автордікі.

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

 КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

07.03.2024

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

09.01.2023

Қызылордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды

28.10.2022

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

11.10.2022

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

28.12.2021

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

13.09.2021
MalimBlocks
Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

Әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпарат расталды.

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

Не деп айтарымызды білмейміз

Қызылордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Қарапайым азаматтардан қорқытып ақша, мүлік тартып алған

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған