Алматыда коронавирустан аурухана қызметкері қайтыс болды

Malim Админ

  • 16.05.2020

Алматыдағы орталық қалалық клинкалық аурухананың қызметкері коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

"Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында А. есімді науқас қайтыс болды (орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкері, лифтер болып жұмыс істеген). 16 сәуірде ПЦР анализден коронавирус анықталған, инфекциялық стационарға жатқызылды. COVID-2019-ды анықтау және емдеу хаттамасы бойынша ем алды.  Қазіргі кезде қазаны зерттеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр, зерттеуден кейін қазаның негізгі себептері бойынша қосмша ақпарат беріледі", - делінген хабарламада.

Кеше бас қалада коронавирустан қаза тапқандардың бірі дәрігер екені хабарланған.

Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың 300-ге жуық қызметкерінен вирус анықталып, аурухана вирус ошағына айналған. Сәуір айында аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен кеткен.

Аурухана вирус ошағына айналғанда аурудың таралуына дәрігерлерді кінәлаған Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова қызметінен босатылып, орнына Жандарбек Бекшин тағайындалған. Сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев та қызметінен кетіп, орнына бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Нәдіров тағайындалған. Алайда Камалжан Нәдіровтен коронавирус анықталған соң, бұл қызметті әзірге Т.Әбілдаев атқарып жүр.

Қазақстанда коронавирус анықталғандар саны 5850 адамға жетті. 2707 адам аурудан айықса, 34 адам қайтыс болған.

Байланысты жаналықтар

Митингке шыққан белсенділер қамалды

01.03.2020

Коронавирус: Әкімдер пиармен айналысып кетті

18.03.2020

Қазақстан тағы қандай елдерден көмек сұрады?

02.04.2020

Цой неліктен вакцина салдырмағанын түсіндірді

03.01.2021

Алматыда бейбіт жиын туралы заң талқыланды

17.02.2020

Кредитті жеңілдетудің жолы қайсы?

12.11.2020
MalimBlocks
Митингке шыққан белсенділер қамалды

Коронавирус: Әкімдер пиармен айналысып кетті

Қазақстан тағы қандай елдерден көмек сұрады?

Цой неліктен вакцина салдырмағанын түсіндірді

Алматыда бейбіт жиын туралы заң талқыланды

Кредитті жеңілдетудің жолы қайсы?