Президенттіктен кеткенде қалтамда екі-ақ мың доллар болды

Malim Админ

  • 17.05.2020

Көбіне постсоветтік елдердің басшыларына президенттіктен кейінгі өмірді елестету қиын. Олар өмірінің соңына дейін президент креслосынан айрылмайды. Я болмаса революциядан кейін саясаттан кетіп жатады. Ол туралы көптеген мысал келтіруге болады.

Бүгінгі әңгіме Грузияның төртінші президенті Георгий МАРГВЕЛАШВИЛИ  туралы болмақ. Президенттік мерзімі аяқталған соң  Маргвелашвили оқытушылық қызметіне ауысқан. 2013-2018 жылдары Грузияны басқарған президенттің асқан дәулеті жоқ. Философия ғылымдарының докторы Грузин қоғамдық іс институтында лекция оқиды.

Ел астанасы Тбилиси қаласының іргесіндегі Душети елді мекеніндегі коттеджін тәулік бойынша жалға береді. Әйелі Мака ЧИУА екеуінің негізгі табыс көзі осы. Душети ауылындағы президент үйінде бір тәулік тұру үшін 80 АҚШ долларын төлейсіз. Экс-президенттің үйіне кез-келген адам мейман бола алады.

«Мен христианинмін. Қашанда қалтамда аз ғана ақша болды. Барымды жұмсаймын. Және құдайға үміттімін», - деп әзілдепті саясаткер президент резиденциясынан көшкенде.

Президенттік қызметтен кеткенде Георгий Маргвелашвилидің бар жиған қаржысы 6 мың лари болыпты. Ол шамамен 2,2 мың АҚШ доллары екен.

Энергияны барынша үнемдейтін коттеджді экс-президент үш жыл бұрын өзі салған. Кейбір жиһаздарды өз қолымен жасап шығыпты. Жұбайы болса бөлмелерді безендіріп шыққан. Қонақтар Маргвелашвилидің бағынан жеміс-жидек те тере алады.

Фото: newsgeorgia.ge

 

Байланысты жаналықтар

"Батьканың" таңдауы Беларусьті тәуелсіздігінен айыруы мүмкін

25.05.2021

"Автостоппен саяхаттау түк қорқынышты емес"

10.03.2021

Грузия халқы Познерді елден қуып шықты

01.04.2021
MalimBlocks
"Батьканың" таңдауы Беларусьті тәуелсіздігінен айыруы мүмкін

"Автостоппен саяхаттау түк қорқынышты емес"

Грузия халқы Познерді елден қуып шықты