Әкім Сқақов: Павлодар аты өзгермейді

  • 06.02.2020
  • Malim Админ

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр СҚАҚОВ  Павлодар қаласының атын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ дейді. Әкімнің айтуынша, Павлодарда бұдан да маңызды мәселе шаш етектен. Ә.Сқақов мұны ақпанның 5-і күні журналистермен кездесуде айтқан.

"Павлодар қаласының атын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ. Павлодар облысының тұрғыны ретінде айтарым, қала атын ауыстыру бүкіл мәселені шеше салмайды. Мұнда шығын, маңдайша жазуларды ауыстыру, бүкіл құжаттарды реттеу мәселесі шығады. Бұл мәселенің бір жағы ғана. Әлбетте, қаланың тарихи мәдениеті, қалыптасуы сияқты дүниелер де бар. Дегенмен, меніңше, дәл қазір осы мұны басты орынға қойып, (қала атын ауыстыруды – ред.) №1 мәселе етудің қажеті жоқ. Одан да облыс тұрғындарының көкейтесті проблемасын шешуге күш салайық", – деді Павлодар облысының әкімі.

Павлодар атауын өзгерту мәселесі жиі көтеріліп жүр. Жақында бастамашыл топ Павлодарда Сарыарқа қонақ үйінде жиын өткізіп, қала атауын өзгертуді талқылаған. Жиынға келген ондаған белсенді Павлодар атауын Сарыарқа деп өзгертуді құптаған. Қаңтарда Jebe қоғамдық ұйымының белсенділері Павлодарға Ертіс атауын беруді ұсынды. Бірақ жергілікті билік "2020 жылғы халық санағы аяқталмайынша, жер-су атауларын өзгерту қаралмайды" дегенге сілтеп, қала атауы өзгермейтінін ескерткен.

Фото: zalim-inkar.kz

Байланысты жаналықтар

Президент қолдауы: азық-түлік жиынтығы – жақсы көмек

21.04.2020

Шымкент карантинге дайын ба?

30.03.2021

Балық барымтасымен күрес

22.10.2020

Азаматтық қоғам шындала түседі

30.04.2020

«Еріктілік деген – тек көмек қана беру емес»

25.08.2020

Рублевкадағы экс-әкім мен экс-министрдің және Кеңес Рақышевтың дәулеті

13.02.2020