Моншалар мен сауда үйлері ашыла бастайды

  • 19.05.2020
  • Malim Админ

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 311 адам тіркелсе де, карантиндік режим бірте-бірте алына береді. Мәселен, осы аптада қоғамдық моншалар мен сауда ойын-сауық орталықтар қайта ашылып, жұмысын жалғастырмақ. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әзірге мұндай екі қаланы атап отыр. Біреуі – елорда, екіншісі – Петропавл. Сауда-ойын-сауық орталықтары болғанда, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатрлар әзірге жабық тұрады, ал, орталық моншалар жұмыс істей берсе болады. Аталған екі қалада бұл жаңару – 20 мамырдан басталмақ.
Комиссия бұдан басқа шетелдерде жүрген мың шақты қазақстандықты елге әкелу туралы мәселені қарады. Айта кету керек, бұлардың көпшілігі Ресейде оқып жатқан студенттер.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ аймақтарда карантиндік шараларды жұмсартудың салдарынан аурудың таралуы бойынша өсу байқалып отыр, сол себепті, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау керек екенін айтты. Астанада шақты нысанның карантин тәртібін бұзғанын айтқаны болмаса, комиссия коронавирустың қайта өршіп бара жатқанына онша бір алаңдаушылық білдірмейтін сияқты.
Айта кету керек, Қазақстандағы ең үлкен мегаполис Алматы қаласында сауда үйлері мен мейрамханалар, қонақ үйлер 25 мамырдан бастап ашыла бастайтыны хабарланған.

Байланысты жаналықтар

Тегімізді қалай жазған жөн?

12.03.2021

89 жыл бұрынғы хат: Қазақтар биттеп кеткен, әйелдері үсіген баланы құшақтап жүр

01.03.2021

Дәрігер министр Цойдың бастамасын геноцидке теңеді

31.07.2020

ЖОО мұғалімдері қағазбастылық пен есептіліктен құтылады

22.09.2020

Қаринова: "Қашықтан оқыту - онлайн оқу емес"

02.04.2020

"Билікке ыңғайлы": Қазақстан тележүргізушілеріне бәсекелес пайда болды

20.02.2020