Кәсіподақ диқандар айлығының өсуіне ықпал етті

Malim Админ

  • 19.05.2020

Ақтөбе облысына қарасты Әйтеке би ауданы диқандарының айлығы 14% өсті. Бұған өңірдегі бастауыш кәсіподақ ұйымы өз септігін тигізген. Бұл турал МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі Жанар ҚОЖАНОВА хабарлайды.

Пандемия кезінде дәрігерлер мен полиция сынды кәсіподақтардың да жұмысы қыза түсті. Жұмысшылар құқығын қорғау және еңбек шарттарының бұзылмауын қадағалау дәл осы кезде өте-мөте қажет-ақ.

Егінге қолайлы Әйтеке би ауданындағы «Комсомол» ЖШС-гі жыл сайын 15 мың гектар жерге егін егеді. Егіс алқаптарында жұмыс қызғанда шаруалардың қауіпсіздігі ең бірінші орында. Жергілікті кәсіподақ басшылығы осы жағын қадағалауда қолға алған. Сондай-ақ, еңбекақысын өсіруге екі жақ біріге жұмыс жасап қол жеткізіпті.

«Комсомол мекемесіндегі жиында профком басшылығы диқандар айлығын өсіру туралы ұсыныс айтқан. Аталған компания басшысы Виталий Волонец ұсынысты қабыл алды. Бұрын бұл мекемедегі орташа айлық 117 мың теңге болған. Енді ол бақандай 14 пайызға өсіп отыр. Биыл ауа-райы жақсы. Жауын мол. Бұйырса егін бітік шыққалы тұр. Бұл табыс жақсы болады деген сөз. Мекеме басшысына осы жағы айтылды. Сондай-ақ, біз өз тарапымызда субсидия және микро несиелер алуда жәрдемдесіп тұрамыз. Жергілікті билік пен диқандар арасында барлық шаруалардың ортасында жүреміз», - дейді   ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Тұрақбай СҰЛТАНҒАЛИЕВ.

Аталған компаниядан жүзден аса адам қызмет етеді екен. Өндірілген бидай сыртқа шықпайды. Отандық өнім жасау үшін пайдаланылады екен.

Жанар ҚОЖАНОВА

Фото: semenakupi.ru

 

Байланысты жаналықтар

Әкім салмаған көпірді халық өзі салып алды

05.11.2020

Ақтөбеде коронавирусқа полиция қызметкерлері шалдықты

30.04.2020

Шаш жұлысқан хиджабтағы оқушылардың ісі тоқтатылды

20.10.2020

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

29.01.2021

Баланы ұрған тәрбиеші жауапқа тартылмайтын болды

29.09.2020

Ақтөбе -Маңғышылақ бағытымен тышқандар да жүреді

13.10.2020
MalimBlocks
Әкім салмаған көпірді халық өзі салып алды

Ақтөбеде коронавирусқа полиция қызметкерлері шалдықты

Шаш жұлысқан хиджабтағы оқушылардың ісі тоқтатылды

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

Баланы ұрған тәрбиеші жауапқа тартылмайтын болды

Ақтөбе -Маңғышылақ бағытымен тышқандар да жүреді