Қираған көпір: Ноғаевтың Рысқалиевтен несі артық?

  • 21.05.2020
  • Malim Админ

Атырау облысында 2018 жылы қараша айында пайдалануға берілген көпір қирай бастады. Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісінде жергілікті журналист Жеңіс ҚҰСПАН жазды.

Ұзындығы 860 метр, ені 13 метр көпір облысқа Бақытқожа ІЗМҰХАМБЕТОВ әкім болып тұрғанда басталған еді. Махамбет ауданындағы бұл жобаға облыстық және республикалық бюджеттен 9,4 млрд теңге кеткен. Бас мердігер «АтырауИнжстрой» ЖШС-нен Нұрлан НОҒАЕВ қабылдап алған болатын. Келісмге сәйкес аталған компания көпірдің сапасына бес жыл бойына жауап беру керек.

Жергілікті әкімшілік көпірдің асфальтін 17 мамыр күнгі жауған нөсер шайып кетті депті.

«Оу, билік қуған Бергейді (Рысқалиев) коррупционер деушілер, мынаған не дейсіздер? Бекеңнен кейін билікті қолға алған екі облыс әкімі әрең салған жалғыз көпір екі жылға жетпей сыр беріпті?! Алты жыл әкім болғанда алты көпір салған (2006-2012 жылдар) Бергейге көпірдің ақшасын жеп қойды, сапасыз салды деп іс қозғаған Ұлттық бюро, одан екі есе көп ақша жойып, 2 жылға жетпей жарылып кеткен көпір салған 2 әкімге неге шара қолданбайсыздар?», - деп пікір білдіріпті адвокат Абзал ҚҰСПАН. 

Фотолар: facebook.com

 

Байланысты жаналықтар

Алматыда тағы бір адамнан үнді "штамы" анықталды

24.06.2021

Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облысынан да коронавирус табылды

24.03.2020

Батыс Қазақстанда карантин қайта басталды. Неге?

13.09.2020

Жаңаөзенде азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың ұлы қайтыс болды

01.07.2021

Шымкентте таза ауа басты назарда

06.05.2021

Коронавирус Шымкентке жетті

24.03.2020