Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

Арман Қайыпхан

  • 18.04.2025

Астанада көпірден секірген ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін таңғы сағат 06:35 шамасында кезекшілік кезінде полицейлер "Арқар" көпірінің қоршауынан асып өткен ер адамды байқаған. Олар дереу оқиға орнына жеткенімен, азамат сол сәтте суға секіріп кеткен.

Жағдайды бағамдаған полиция капитаны Нұрсұлтан Динабеков бірден суға түсіп, зардап шеккен азаматқа қарай жүзген. Ол ер адамға құтқару шеңберін кигізіп, оны жағаға алып шыққан. Бұл уақытта жедел жәрдем тобы дайын тұрған.

"Ойлануға уақыт болмады. Мен жақсы жүземін, сондықтан өзіме сенімді болдым. Жылдам әрекет ету керек болды. Бұл - менің полиция қызметкері әрі адам ретіндегі парызым. Мұндай сәтте тек бір мақсат болады, ол - адамды құтқару", - деді Нұрсұлтан Динабеков.

Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: POLISIA.KZ 

Байланысты жаналықтар

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

23.05.2025

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025
MalimBlocks