457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украина Қырым көпірінің тіректерін жарды

Украинаның Қауіпсіздік қызметі (УҚК) Қырым көпірінің су астындағы тіректерін мина қойып жарып жібергенін мәлімдеді. Telegram-дағы ресми парақшасында УҚКбұл операцияны "жаңа, бірегей арнайы операция" деп атап, алғашқы жарылыс 3 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 4:44-те іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сол күні сағат 6:00 шамасында "Қырым көпірі: жедел ақпарат" Telegram-арнасы көпірмен автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Алайда сағат 9:00-де қозғалыс қайта жанданды. Бірақ сағат 15:00-де көпір тағы да жабылды.

«Интерфакс» агенттігінің мәліметінше, Севастополь қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту дирекциясы теңіз жолаушылар көлігінің қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлаған. Бірақ бұған нақты не себеп болғаны айтылмады.

УҚК таратқан ақпаратқа сәйкес, таңертеңгі су асты жарылысы көпірдің теңіз түбіндегі тіректерін едәуір зақымдаған.

"Жарылыс 1100 кг тротил баламасындағы жарылғыш затпен жасалды. Қазіргі таңда көпір апатты жағдайда тұр", – делінген хабарламада.

Операцияны СБУ басшысы, генерал-лейтенант Василий Малюк жеке өзі үйлестірген.

Оның сөзінше, "бұған дейін 2022 және 2023 жылдары Қырым көпіріне екі рет шабуыл жасалған. Бүгін бұл дәстүр су астында жалғасты. РФ-ның заңсыз объектілерінің Украина аумағында орны жоқ. Қырым көпірі – толық заңды нысана. Әсіресе, оны қарсылас өз әскеріне логистикалық артерия ретінде пайдаланғанын ескерсек", – делінген мәлімдемеде.

Ресей билігі әзірге Қырым көпірінің тіректерінің жарылғаны туралы ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ. Бұл көпір аннексияланған Қырымды Ресеймен байланыстырып тұр.

Фото: Ulf Mauder/dpa/picture alliance