Әкім Оразалин орнынан кете ме?

Олжас Қасым

  • 21.05.2020

Ақтөбе облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қамауға алынды. Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған тұлға өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, ЖШС үшін табыс түсіру мақсатында мердігер ұйымның Мұғалжар ауданында орта мектеп құрылысын толық жүргізбегенін біле тұра, шарт бойынша жұмысын жасатпай, ақшасын қайтарып алған», - деді Агенттіктің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр БИҒАЙДАРОВ.

Жемқорлыққа қарсы агенттік күдіктінің аты-жөнін хабарламаған. Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қанат МЕНДІҒАРА деп көрсетілген.

Күдікті кеше 20 мамырда ұсталып, Ақтөбедегі уақытша тергеу абақтысына қамалған екен.

2019 жылы желтоқсан айында ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері қолданысқа енгізілген. Яғни  облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдері орынбасары, тікелей бағынышты мемлекеттік  қызметші пара алса отставкаға өтініш беруі тиіс.

Алайда, әзірге заң алдында қарамағындағы қызметкер үшін бірде-бір шенеунік жауап берген жоқ. Отставкаға өтініш бергенін де естігеніміз жоқ. Мәселен, биыл қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы әкімі Асқар ЕСІЛОВ ұсталып, қылмыстық кодекстің 366 бабы бойынша күдікке іліккен. Артынша сот оны кінәлі деп тапқан-ды. Бірақ одан қала басшысы Алтай КӨЛГІНОВ отставкаға өтініш берген жоқ.

2019 жылдың 20 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет мүшелерімен жемқорлық бойынша жиын өткізген.

 «Жыл сайын елде 2 мың жемқорлық қылмысы тіркелді. Орта есеппен мың адам жауапқа тартылады. Барлығымыз осы әлеуметтік дертпен күресуіміз керек. Егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс», – деген еді мемлекет басшысы. 

Тіпті бұл заң аудан әкімдеріне де жүрмей тұр. Былтыр Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары Бауыржан СЕРІКОВ пара алды деген күдікке ілініп, сотта қылмысы дәлелденген. Бірақ аудан басшысы Юржан БЕКҚОЖИН өз орнында қалған. Бұндай мысалдарды келтіре беруге болады.

Ал енді бұл жолы ақтөбелік шенеуніктің қылмысы дәлелденсе, Оразалин орнында қала ма? Әлде өзгелердей орнында қала бере ме?

Фото: inbusiness.kz

 

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы кейбір ауылдар жойылып кетуі мүмкін

12.04.2024

Еріктілер Ақтөбедегі 50 үйдің 30-ын су тасқынынан құтқарып қалды

10.04.2024

Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады

08.04.2024

Ақтөбенің Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды

08.04.2024

Ақтөбе облысында бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

04.04.2024

Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

23.08.2023
MalimBlocks
Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы кейбір ауылдар жойылып кетуі мүмкін

Жергілікті билік ауыл тұрғындарын облыс орталығына қоныстандыруды жоспарлап отыр. 

Еріктілер Ақтөбедегі 50 үйдің 30-ын су тасқынынан құтқарып қалды

Табиғи апат ел азаматтарын біріктірді.

Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады

Қанат Бозымбаев өңір басшысымен бірге Құлсарыдан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақтың үстімен ұшып өтті.

Ақтөбенің Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қарғалы өзені арнасынан асып, Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымында адамдар эвакуацияланды.

Ақтөбе облысында бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысының прокуратурасы Әйтеке би ауданындағы бөгеттің бұзылу дерегіне қатысты қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 104 млн теңгеге «Елбасы медалін» шығармақ.