Қазақстан мен Ресей кәдімгідей есеңгіреп қалды

  • 22.05.2020
  • Malim Админ

Коронавирус қарсаңында қаржы-экономикалық, эпидемиологиялық дағдарыс қатар келгендіктен, Қазақстан кәдімгідей есеңгіреп қалды. Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Қайрат КЕЛІМБЕТОВ ресейлік «РИА Новости» агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Ол мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан мен Ресей үшін үлкен қатер екенін айтады.

«Меніңше, бұрынғы 60 долларлық баға тек келесі жылдың аяғында ғана болатын шығар. Оның өзі өте қолайлы жағдай болғанда ғана. 2014-2015 жылдары біз бір баррельдің 100 долларға қай кезде көтерілетінін талқылағанымыз есімде. Енді міне, 60 доллар болса да қанағат етейін деп отырмыз», - дейді Келімбетов.

Оның болжамынша әзірге Brent маркалы мұнайдың баррелі 30 доллардан аса қоюы екіталай. Өйткені, әлемдік экономиканың өсу көрсеткіші құлдырап кеткендіктен, мұнайға деген сұраныс та азайып, күніне 20 млн баррельге түскен. Осындай уақытта, Қазақстан, Ресей сияқты экономикасы мұнайға иек артып отырған елдер кәдімгідей есеңгіреп қалған.

"Қазақстан мен Ресей табиғи ресурстарға бай, мұнай бағасы түсіп кеткелі кәдімгідей есеңгіреп қалды. Өйткені, экспорттан түсетін табыс көзі азайды, бюджетке пен ұлттық қорларға түсетін ақша азайып қалды. Бұл біз үшін үлкен қатер», - деді ол.

Мұнайға сұраныстың азаюы тек бағаның тқмендеуіне ғана емес, бұл саладағы жұмыстың бәсеңсуіне де әкеп соғуы мүмкін. Өйткені, шикізат сақтайтын қоймалар қазірдің өзінде толып тұр. Ал, мұнай өндіруден бәсекелестік күннен күнге артып бара жатқанын ескерсек, оның бағасының түсуіне тек коронавирус қана себеп болған жоқ. «Мұндай жағдайда сұраныс пен өндірістің балансын табу оңай емес», дейді Келімбетов.

Байланысты жаналықтар

Волонтерлік қанымызда бар қасиет

23.04.2020

Ералы Тоғжанов, ауылымызға кел!

19.04.2021

Ішімдік – жүйке уы

19.02.2020

Тұрмыстық тауарларды өзіміз өндіре аламыз

24.03.2020

Лондоннан жеткізілген алматылықтар Нұр-Сұлтанда тұрып қалды

23.03.2020

Кімге қамқорлық: дәрігерге ме, бизнеске ме?

07.09.2020